Елімізде ішек инфекциясы таралуда: Құрбан айт мерекесінде қандай тазалық талаптары сақталуы керек
|
Алматы қаласының санитарялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшының орынбасары Гаухар Каткенова Құрбан айт мерекесін тойлау кезінде қандай сақтық шараларын сақтаған дұрыс екенін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Спикер Құрбан айтты мерекелеу кезінде мал сою және сату пунктерінде санитариялық нормаларды сақтау қажеттігін айтты.
«Мал сату мен сою жұмысын ветеринариялық қызметтің рұқсатымен әрбір ауыл шаруашылығы жануарына тиісті ветеринариялық құжаты бар орындарда жасау қажет. Мал союдан кейін қалдықтарды уақтылы зарарсыздандыру және шығару, жеке гигиена ережелерін қатаң сақтау қажет», - деді Гаухар Каткенова.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта қалада жедел ішек инфекциясы аурулары жиі тіркелуде.
Осыған байланысты қоғамдық тамақтану орындары мен мешітте іс-шара өткізу кезінде бірқатар ережелерге ерекше назар аудару керек.
«Тамақтану объектілерінің қызметкерлерінде медициналық тексерулер мен медициналық кітапшалар болуы керек, арнайы киім киіп тамақ дайындау, дәретханаға барар алдында арнайы киімді шешу, тамақ дайындауды, таратуды жүзеге асыратын жұмыскерлер денесінің ашық жерлерін тексеретін жауапты адамды анықтау, іріңді жаралар, қолында ұсақ жарақаттар анықталған жағдайда оларды жұмыстан шеттету, тазалықпен айналысатын адамдарды тамақ дайындауға және ыдыс жууға жібермеу, тамақ дайындау технологиясын сақтау, дайын өнім үшін шикі етке арналған кесу тақталарын, пышақтарды, ыдыстарды пайдаланбау керек, тез бұзылатын тағамдарды тұтынудан сақ болыңыз, азық-түлік өнімдерін тоңазытқышта тауарлық көршілікті ескере отырып сақтаңыз (шикі өнімдер мен дайын өнімдерді бір сөреде сақтауға болмайды), өнімдердің сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттар болу керек, кездейсоқ адамдардан немесе рұқсат етілмеген сауда орындарынан азық-түлік сатып алмаған жөн», - деді Алматы қаласының санитарялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшының орынбасары Гаухар Каткенова.
Еске салайық, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы желідегі парақшасында Қазақстанда Құрбан айт мерекесі 28 маусымда басталатынын жазған болатын.