Елімізде халал өнімдерді сертификаттау орталығы ашылды
Елімізде халал өнімдерді сертификаттау орталығы ашылды
1 жыл бұрын 1334 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

2023 жылдың қазан айының 16-ы күні Алматы қаласында орын тепкен Halal Quality Center (Халал сапа орталығы) «Сәйкестікті бағалау. Халал сертификатын беретін органдарға қойылтын талаптар» ҚР СТ OIC/SMIIC 2-2022 стандартына сай келетініне байланысты аккредиттелді. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Қазақстан Республикасының сауда-саттық министрлігінің баспасөз қызметіне жөн сілтеген ElDala.kz ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш министрлік сертификаттау органының алғашқы аккредитациясы Қазақстандағы халал индустриясының сөзсіз жетістігі екенін атап өтті. «Отандық тұтынушылар үшін бұл оқиға отандық халалды бағалау субъектісінің сертификаттарына сенім артуға негіз болады, ал аккредиттелген ұйымның сертификаттарын алатын ұйымдар үшін өз өнімдері мен қызметтерін экспорттауға қосымша мүмкіндіктер ашады», деп айтылған хабарламада. Халал аккредитациясы Қазақстандағы сапаны бағалау жүйесіндегі жаңа бағыттардың біріне жатады. Сол себепті, аккредиттеу процедурасы өз кезегінде сертификаттау органдарына деген сенімді арттырады. Ал сертификаттау органы өнімдердің шариғат талаптарына сай өндірілуін қадағалайды.

0 пікір
Мұрағат