Елімізде халал өнімдер стандарты бақылауға алынады
Елімізде халал өнімдер стандарты бақылауға алынады
3 жыл бұрын 1685 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Қазақстан үкіметі шариғат талаптарына сай өнімдер стандартын бекітті әрі халал стандартына сәйкестігі жөнінде мемлекеттік сертификат беретін арнайы органды аккредитациядан өткізеді. Бұл жайында islam.kz порталы ҚР Сауда және интеграция министрлігінің сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған министрлік сайтында ҚР сауда және интеграция министрлігіне қарасты техникалық реттеу және метрология комитетінің стандарттау және метрология институты халал өнімдердің сәйкестегін рестайтын органды аккредитациядан өткізуге кіріскенін жариялапты. Үкіметтік деңгейде мемлекеттік сертификат беру шарасын араб елдері нарығындағы қазақстандық тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін арттырумен байланыстыра түсіндірген екен.

ҚазСтандарт Халал өнімдерді Таяу Шығыс пен Парсы шығанағы елдеріне экспорттауға жағдай жасауда

ҚР СИМ ТРМК ҚазСтандарты Халал өнімнің сәйкестігін растау жөніндегі органды (бұдан әрі - СРО) аккредиттеуге кірісті.

Бағалаушылар ретінде Біріккен Араб Әмірліктерінің халықаралық аккредиттеу орталығының (EIAC) өкілдері шақырылды.

Бұдан әрі СРО берген сертификаттар Таяу Шығыс және Парсы шығанағы елдерінде мойындалатын болады.

Бұл отандық өндірушілердің сыртқы нарықтардағы бәсекеге қабілеттілігін арттырады.

 

0 пікір
Мұрағат