Елімізде елік еті консервіленеді
Елімізде елік еті консервіленеді
3 жыл бұрын 4662 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Жыл сайынғы есеп бойынша Батыс Қазақстан облысының жеті ауданының аумағында шамамен 740-750 мың бас ақбөкен жортады. Ал аталған облыс бойынша түз тағысының қарасы бір миллионға дейін жеткен. Бұл жайында islam.kz порталы mgorod.kz сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ақбөкендер санының көбеюі өз кезегінде ауыл шаруашылығына, дәлірегі, жайылым мен егістік алқаптарына залал келтіруде. Ғалымдардың есебі бойынша БҚО аумағында 300 мың бастан аспауы тиіс. Аталған облыс әкімінің орынбасары Арман Өтеғұловтың айтуынша, қазіргі уақытта қызыл кітапқа енген ерке түз тағысының санын қолдан азайту мәселесі талқыланып жатыр. Егер ішінара аулауға рұқсат етілсе, елік еті консервіленіп, тұтынушыларға ұсынылады. Елік етін Атыраулық компаниялар мен «Кублей» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі консервілейтін болады.

0 пікір
Мұрағат