Елімізде балаларға арналған SIM карта енгізілмек
Елімізде балаларға арналған SIM карта енгізілмек
4 жыл бұрын 2452

SIM картаның балаларға арналған бірыңғай тарифі бар.

Елімізде балаларға арналған бірыңғай тарифі бар SIM карта енгізілмек. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Сенат депуттарының сауалына берген жауабында айтылған, деп жазады ҚазАқпарат.

«Қазіргі уақытта кибербуллингке қарсы іс-шаралар 2020-2023 жылдарға арналған балалар құқықтарын қорғауды күшейту, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл және жасөспірімдер арасында суицид мәселесін шешу жөніндегі жол картасын іске асыру аясында жүзеге асырылуда. Білім және ғылым, Ақпарат және қоғамдық даму, Ішкі істер министрліктері, жергілікті атқарушы органдар жастар мен балалар арасында интернетке тәуелділіктің профилактикасы, азаматтардың цифрлық беделін қорғау, әлеуметтік желі мен интернеттегі мониторинг және тосқауыл қою, сондай-ақ, қолайсыз интернет контентке қол жеткізуден балаларды қорғау бойынша балаларға арналған бірыңғай тарифі бар SIM карта енгізу бойынша кешенді шараларды қабылдауда», - деді Асқар Мамин.

0 пікір
Мұрағат