Елімізде астан улану оқиғалары рекордтық көрсеткішке жетті
Елімізде астан улану оқиғалары рекордтық көрсеткішке жетті
10 жыл бұрын 4690

Елімізде астан улану оқиғалары жиі орын алатын болды. Осы жылдың басынан бері тіркелген астан улану оқиғалары соңғы он жылдағы мұндай оқиғалар санынан асып түскен көрінеді. Бұл жайында жетінші арна телеарнасы хабар таратты.  

Бұл мәліметтер Тұтынушылардың құқығын қорғау комитетінде айтылды. Тек сегіз айдың ішінде осындай он бес оқиға орын алған. 248 адам ішек инфекциясынан зардап шеккен. Олардың бәрі жұмысшыларға арналған асханалардан, қоғамдық асханалардан, жапон мейрамханалары мен кафелерінен, сондай-ақ, балалар лагеріндегі асханадан тамақтанған. Тамақтан уланған құрылысшылар, геологтар, мұнайшыларға қарағанда астан зардап шеккен балалардың қарасы көп екендігі алаңдатпай қоймайды. Мәселен, үстіміздегі жылдың жаз мезгілінде "Электроник" демалыс лагеріндегі түскі астан уланған балалар саны – 11. Олардың төртеуінен бактериялық ішек инфекциясы байқалған. Осыған байланысты демалыс лагеріндегі балалар мезгілінен бұрын таратылған. Балалардың астан улану оқиғалары бірнеше лагерде орын алған. Олардың бәрін жіпке тізіп айту шарт емес.

P.S. «Интерфакстың» бүгінгі хабарына қарағанда, Семей қаласындағы мектептердің бірінде 50-ден аса бала мектеп асханасында астан уланған көрінеді. Ауруханаға осындай диагнозбен елу бала түскен. Тағамнан уланғаны байқалған тағы 23 оқушы үйлерінде жатыр. Қазіргі уақытта тексеру жүргізіліп жатыр. Оның қортыныдысына қарай қылмыстық іс қозғау немесе қозғамау мәселесі шешіледі. Оқушылар уланған асхананың жұмысы уақытша тоқтатылды. 

0 пікір
Мұрағат