Елімізде алғашқы крематорилер ашылмақ
Елімізде алғашқы крематорилер ашылмақ
4 жыл бұрын 2950

Нұр-Сұлтанда 3,6 миллион долларға биологиялық және медициналық қалдықтарды кәдеге жарататын паталогоанатомиялық бюро салу жоспарлануда. Бұл туралы kazislam.kz ақпарат көзі «Ашық бюджеттер» порталына сілтеме жасай отырып мәлім етті. 

Зираттары бар крематорийді қамтитын жобаның құрылысын биыл бастау жоспарланып отыр. Нысан 2022 жылы пайдалануға берілмек. Жобаны Нұр-сұлтан қаласының құрылыс басқармасы мен ведомство басшысы Сәкен Сәрсенғалиев атқарады.

Құрылысқа жергілікті және республикалық бюджеттен 1 миллиард 519 миллион 285 мың теңге немесе 3,6 миллион доллар бөлінеді.

Белгілі болғандай, жобаның мақсаты – дәстүрлі жерлеу орындары бар зираттардың аумағын азайту.

Сәкен Сәрсенғалиев крематорий тек өлгендердің денелерін жағу үшін ғана емес, сонымен қатар, хирургиялық операциялар, аутопсия кезінде алынған органдар үшін де, медициналық қалдықтарды жою үшін де қолданылатынын айтты.

Жоба 5 тамызда жарияланды, көпшілік талқылау 19 тамызда аяқталады. Сейсенбі, 11 тамыздағы жағдай бойынша ешкім жобаға әлі дауыс бермеген.

Крематория құрылысының жоспары осы жылдың маусым айында хабарланған болатын. Ол уақытта Әділет министрлігінде алғашқы крематорийлер Алматы мен Нұр-Сұлтанда пайда болатынын айтты.

0 пікір
Мұрағат