Елімізде 134 мың маман тапшы
Елімізде 134 мың маман тапшы
9 жыл бұрын 3338 tengrinews.kz 24.kz kapital.kz

Елімізде 134 мың маман жетіспейді. Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі мен «Атамекен» палатасы бірлесіп жүргізген сауалнаманың нәтижесі осы. Жұмыс берушілер арасында жүргізілген сұрақ-жауап қорытындылары бойынша білім беру, медицина, сауда, қаржы, сақтандыру салаларында қызмет етушілер жетіспейді. Экономиканың нақты секторларына тоқталсақ, мұнда кадр сұранысы бойынша рейтингте ауыл шаруашылығы көш бастап тұр. Қазір бұл салаға 20 мыңнан астам жұмысшы керек. Ал инженерлік-техникалық мамандарға деген сұраныс әлдеқайда азырақ. Мұндағы қажеттілік 6 мың адамды құрайды. Айта кетейік, сауалнамаға 4 мыңға жуық жұмыс беруші қатысты. Дәулет Арғындықов, ҚР ДСӘДМ «Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі ақпараттық-талдау орталығы» АҚ президенті: - Биыл кәсіби мамандар жеке секторда жетпей жатыр. Ақмола, Қызылорда және Павлодар облыстарында мұндай сұраныс ірі компаниялардың арқасында қамтамасыз етілді. Ал қалған өңірлерде мамандар әлі де тапшы. Осы жылы шағын және орта кәсіпкерлік саладағы жұмыс орындарының саны 3,1%-ға артады деп жоспарланған еді. Ал ірі бизнесте бұл көрсеткіш 0,4%-ды құрайды.

0 пікір
Мұрағат