Электронды форматта: 2019 жылы Қазақстанда бүкілхалықтық санақ жүргізіледі
Электронды форматта: 2019 жылы Қазақстанда бүкілхалықтық санақ жүргізіледі
5 жыл бұрын 3265

Қазақстанда 2019 жылы халық санағы жүргізіледі. Санақ қағаз форматында емес, электронды түрде жүргізілетін болады.

Бұл туралы 24.kz арнасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Жаңа формат санақ жүргізу процедурасы мен алынған мәліметтерді өңдеу процесін айтарлықтай жеңілдетеді, дейді Статистика жөніндегі комитеттегілер.

Ведомство арнайы сайт ашып, онда 89 сұрақ енгізіледі. Оның 45-і жеке мәлімет пен алдағы жоспарларға қатысты. Мысалы, қазақстандықтардан мемлекеттен көшіп кеткісі келетін-келмейтіні, егер қоныс аударса, оның себебі сұралады. Сонымен қатар отбасылық статусы мен неке туралы сұрақтар да қарастырылған.

Қазақстандықтардың жалпыхалықтық санағы кезең бойынша өткізіледі. Бірінші кезеңі мамыр-маусым айларына, екіншісі қараша айына жоспарланған.

Санақтан өту үшін сайтқа кіріп, тіркеліп, ұсынылған сұрақтарға жауап беру керек. Алайда 30 мың ерікті үйлерді аралауға жіберіліп, олар да санақ жүргізеді.

Халық санағын жүргізу үшін мемлекеттен бюджеттен 8,8 миллиард теңге бөлінеді.

0 пікір
Мұрағат