|
ЕЛДЕ АБОНЕНТТЕРДІ ТІРКЕУ КЕЗІНДЕ БИОМЕТРИЯ ҚОЛДАНЫЛАДЫ
|
Елге контрабандалық жолмен әкелінген телефондар бұғатталады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «IMEI кодтардың дерекқорын» кеден қызметтерінің жүйелерімен интеграциялауды және абоненттерді тіркеу кезінде биометрияны қолдануды жоспарлап отыр. Мұны Үкімет отырысында ведомство басшысы Бағдат Мусин айтты. Елдегі ұялы компаниялардың желілерінде қайталанатын IMEI коды бар 3 млн 700 мың абоненттік құрылғы жұмыс істейді. Бұл ретте мемлекет бюджетіне шамамен 100 млрд теңге салық пен алым түспей қалған. Әрі қайталанатын IMEI кодтардың болуы құқық қорғау органдарына ұрланған ұялы телефондарды іздеу және оларды бұғаттау бойынша жедел жұмыс істеуге мүмкіндік бермейді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Циркадты ырғақты басқаруға көмектесетін тетік табылды
■
Түнгі үрейлі түстер қауіпті аурудың белгісі болуы мүмкін
■
Мәңгі химикаттарды жоюдың жолы табылды
■
Оңтүстіктен 1 млрд тонна мұнай мен газ қоры табылды. Миллиондаған тонна пайдалы қазба бар 29 кен орны табылды
■
Еуропалық ел халық санын он миллионнан асырмау жөнінде референдум өткізуі мүмкін