Елбасымыз ішімдік сатуға шектеу қоятын заңға қол қойды
Елбасымыз ішімдік сатуға шектеу қоятын заңға қол қойды
11 жыл бұрын 4465

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев маусым айының 18-і күні «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне этил спирті мен алкоголь өнімдерінің өндірісі және айналымын мемлекеттік тұрғыдан реттеу мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына қол қойды деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. Аталмыш заң бойынша ендігі жерде мейрамхана, дәмхана және барларды қоспағанда ішімдік түрлерін кешкі сағат 21.00-ден күндізгі сағат 12.00-ге дейін сатуға тыйым салынады. Сенбі және жексенбі күндері де бұл заң өз күшінде қалады. Сонымен қатар, заңда балалар мекемелерінің, білім беру мекемелерінің, денсаулық сақтау мекемелерінің, дене шынықтыру және спорт нысандарының, жанар-жағармай құю бекеттерінің маңында ішімдік түрлерін сатуға тыйым салынған.

0 пікір
Мұрағат