Ел жаңалықтары: Қазақстанның зейнетақы жүйесі қалай өзгереді?
Ел жаңалықтары: Қазақстанның зейнетақы жүйесі қалай өзгереді?
7 жыл бұрын 3063 sputniknews.kz stan.kz

Қазақстандықтарға зейнетақы жинақтарын басқарушы компанияны таңдау мүмкіндігі берілуі мүмкін.
ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев Астана экономикалық форумы кезінде "Қазақстан бұрынғы зейнетақы жүйесіне қайта орала ма?" деген сұраққа жауап берді.

Данияр Ақышевтың сөзіне сүйенсек, Ұлттық банк бірқатар ұсыныстарды ҚР Үкіметіне жолдады. "Біздің пікірімізше, бәсекелестікті қалпына келтіріп, азаматтарға зейнетақы жинақтарын басқарушы компанияны таңдауға мүмкіндік беру керек, сонда олар инвестициялау стратегиясын да таңдай алады. Ұлттық банк ұнамай жатса, жеке меншік компанияға баруына болады. Бұл біз ұсынып отырған базалық қағида. Бұл жағдайда БЖЗҚ да қызметін жалғастыра береді. Біз азаматтардың БЖЗҚ-мен қосымша келісімшарт жасасуын ойластырдық. БЖЗҚ ақшаны басқаруды Ұлттық банкке береді немесе салымшының таңдауы бойынша басқарушы компанияға өткізеді", — деді Ұлттық банк басшысы тілшілердің сұрағына жауап беріп.

Елімізде шылқыған байларға салынатын салық 40 пайызға өсуі мүмкін

Байлар бөлек салық төлеуі тиіс. Депутат Айқын Қоңыров  еліміздегі ауқатты адамдардың табысы көбейген сайын, сәйкесінше оларға  салынатын салықты да еселеп өсіруді талап етті, деп хабарлайды КТК арнасы.

Егер шенеунік, ұлттық компания топ-менеджерлері мен кәсіпкердің айлық табысы 1 миллионнан асса, ол мемлекетке 40 пайыз салық төлеуі тиіс дейді мәжілісмен. Қазір елімізде табыс салығы бай мен кедейге бірдей – 10 пайыз.  Яғни, тұрғындар арасында теңдік жоқ. Бір жалақыға қарап отырған адамдар барынша үнемдеуге тырысады. Енді біреулер байлығын көрсетіп қалу үшін бір-бірімен бәсекелесіп жүр. Соңғы кезде қымбат көлік, пәтер мен өзге де жылжымайтын мүлікке деген сұраныс өскен. Қазір тек құны 1 миллион доллардан асатын баспанасы барлар мен джип мінгендерге салық бірнеше есе жоғары.

“Салық кодексіне өзгеріс енгізуді ұсынамын. Табысы жоғары адамдарға және қымбат көлік, зәулім үй сатып алып, оны ашық жариялап жүрген байларға салықты көбірек салу керек. Ал қайырымдылық жасап жүргендерге жеңілдік болуы тиіс”, – дейді мәжіліс депутаты Айқын Қоңыров. 

0 пікір
Мұрағат