Ел жаңалықтары: 113 жастағы кейуана Қостанайда тұрады (фото)
Ел жаңалықтары: 113 жастағы кейуана Қостанайда тұрады (фото)
10 жыл бұрын 4129

"Наша газета" тілшілері Қостанайда жасы үлкен апаның тұратынын хабарлады.

Басылым 3 наурызда Марпуға Селтеткенованы 113 жасқа толуымен құттықтады.
Бүгінде әлемдегі ең қарт тұрғын Осакадағы 116 жасар жапондық қария деп есептелінеді. Біздің көп жасаған қостанайлық апамыз рекордқа жақындап қалды.
"Он жыл бұрын біз апамызбен жолығып, оған зор денсаулық тілеген болатынбыз. Осы жылда, 8 наурыз мерекесіне қарсы біздің тілшіміз Федор Мин әжеміз жайлы газетімізге ақпар берді. Біз Федормен бірге осы бір тамаша жанның туған күніне ана туралы өлеңді сыйға тартып, қонақ болып қайттық. Ол бізді қандай жылы құшақпен қарсы алғанын білсеңіздер ғой. Дастарханда – бауырсақ пен құймақтар, жүзінде – күлкі, тіпті частушкалар да айтылды. Ал әжеміз тіпті керемет жан. Біздің құттықтауымызға жауап ретінде ол ақ тілектерін жаудырып, өзіндей ұзақ ғұмыр тіледі. Бұл тілек біздің барлық оқырманға да септік болар деген үміттеміз", - дейді газет тілшілері.

Апаның жасы ресми расталған. Жеке куәлікте кейуананың жасы көрсетілген

"Бүгін дастархан басында әжеміздің келіндері, достары, таныстары, мен – оның кіндік қызы отыр, – деп сөз бастады Роза Жүнісова, - Марпуға-әжеміздің керемет өмірді сүйетіні сезіледі. Үлкен қызы 89 жаста, ол да бір төбе! Бұған не себеп екенін біз жақсы білеміз – ол өмірінде ешкімге жамандығы жоқ, жақсылыққа жаны жақын адам. Біздің арамызда әлі көп жасағанын қалаймыз".

 

Ақтөбеде алтыншы қабаттан құлап кеткен бала аман қалды

Наурыз айының 1-і Ақтөбе қаласындағы Түргенов көшесіндегі көп қабатты үйлердің бірінде алтыншы қабаттан алты жасар бала құлап кетіп, аман қалды. Бұл жайында bag.kz ақпарат көзі "Диапозон" басылымына сілтеме жасай отырып хабар таратты. 
Дәрігерлердің айтуынша, жедел жәрдемді оқиғаға куә болған азаматтар шақырған. Олар баланы жақын маңдағы дүкендердің біріне жеткізіпті. Араға жарты сағат салып келген дәрігерлер оны ауруханаға алып барған. Областық балалар ауруханасының бас дәрігері Нұрлан Қожиннің айтуынша, бүлдіршінді періштелері қаққан көрінеді, ол дін аман. 
- Баланың денсаулығына қазір қауіп жоқ. Оның аздап миы шайқалған. Таң қалып отырғанымыз, ол алтыншы қабаттан құлап, денесінде бірде-бір сынық жоқ. Бірақ, жетінші қабаттан құлап, жарақатсыз құтылған сәбилерді де көргеніміз бар. Мұндайда періштелері қақты деуден басқа айтарымыз жоқ. Бұл өзге ата-аналарға сабақ болса екен дейміз" дейді бас дәрігер. 

 

Былтыр елімізде 7,3 мың мүгедек жұмыспен қамтылған

Өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында 2014 жылы 7,3 мың жұмыссыз мүгедек жұмыспен қамтылған. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпова мәлімдеді. 
Вице-министр 2015 жылғы 20 ақпанда Елбасы «Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны ратификациялау туралы» ҚР Заңына қол қойғанын еске салды. Ол құжат азаматтық, саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени және өзге де құқықтарын іске асыруда мүгедектерге өзге азаматтармен теңдей жағдай жасауға бағытталған. Айта кету керек, Конвенция мүгедектерді әлеуметтік қорғаудың қазіргі жүйесінде жалпылай алғанда көрініс тапқан.
Мүгедектерді жұмыспен қамтуға ерекше маңыз беріледі. Өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында 2014 жылы хабарласқан 14 мың мүгедек жанның ішінде 7,3 мыңы (52,1%) жұмыспен қамтылды. Қоғамдық жұмыстарға 3,7 мың мүгедек қатысты. Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі 761 адам әлеуметтік жұмыстарға орналастырылды.
Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдар жалпы жұмыс орындарының 3% мөлшерінде квота белгілеу арқылы мүгедектерді жұмыспен қамтиды. 2014 жылы квота аясында 6 мың мүгедек жан немесе жалпы жұмыспен қамтылғандардың (12,9 мың адам) 46,5% жұмысқа орналастырылды.
Әлеуметтік және көлік инфрақұрылымының қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстар тұрақты негізде жүргізілуде. Барлық өңірлер нысандарды хаттау және бейімдеу жоспарын бекітті. 24,4 мың нысан құжатталып, бейімделуге тиіс 18,9 мың нысанның 2371-і бейімделді. Мүгедек балалар тәрбиелеп отырған азаматтарға берілетін жәрдемақыға 2014 жылы республикалық бюджеттен 16,8 млрд. теңге бөлінді.2014 жылы жәрдемақының орташа мөлшері 21279 теңгені құрады. Мұндай жәрдемақы 65,8 мың адамға төленді. 2015 жылы мүгедек балалар тәрбиелеп отырған азаматтарға берілетін жәрдемақыға республикалық бюджетте 19,6 млрд. теңге қарастырылған.

 

Қостанайлық бір науқастың мұрнынан 4 күн бойы үздіксіз қан ақты

Қостанайдың дәрігерлері ерекше ота жасап шықты. Жүрек ауруының дәрігерлері бірнеше күннен бері мұрыннан үздіксіз қан аққан науқасқа күрделі ота жасап, қанды тоқтатқан.
Қостанай облыстық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Сергей Моисеевтің айтуынша, осыдан бірнеше сағат бұрын ғана пышақ астында жатқан Серік Аяғановтың өміріне енді еш қауіп жоқ. 34 жастағы науқастың мұндай жағдайына мұрыннан қан кетуі себеп болған.

Науқас Серік Аяғановтың өзі мұрнынан қан кету моншаға барғаннан кейін басталғанын айтады.

Ересек адамның ағзасында, оның салмағына байланысты шамамен 5-6 литр қан болады. Серік Аяғанов соның екі литрін үш күн мұрыннан аққан қан арқылы жоғалтқан. Тоқтаусыз сорғалаған қаннан кейін азаматтың өміріне қауіп төне бастаған. Сондықтан дәрігерлер науқасты Астанаға апармай, шұғыл түрде хирургиялық ота жасаудың жолын іздеген.

Егер екі сағаттық отаға тәуекел жасамасақ, Серік мүгедек боп қалар еді дейді дәрігерлер. Тіпті бұл диагноз азаматты жұмысқа жарамсыз, өмірге құштарсыз етеді екен. Жоғары дәрежелі медициналық көмектің бұл түрі еліміздің бірегей ғылыми орталықтарында ғана қолданылады.

Қаны тоқтап, тамырлары бітелген Серіктің денсаулығы енді дәрігерлердің тәуекелінің арқасында бір қалыпты. Бұл қостанайлық ақхалаттылардың қолға алған ауыр әрі жауапкершілігі мол алғашқы отасы емес. Мәселен, былтыр ғана әулиекөлдік хирург мектеп оқушысын металл шыбығынан алып шыққан еді.

 

Қарағанды жылыжайларында 200 мың Голландия қызғалдағы өсірілді (ФОТО)

Қарағандыда «Green Tehnology» ЖШС жылыжай кешенінде Халықаралық әйелдер күніне орай 200 мыңнан астам Голландия қызғалдағы өсірілді, деп хабарлады кәсіпорыннан. 


«Биыл қызғалдақтың 15 түрін өсірдік. Голландиядан әкелінген 270 мың түп қызғалдақ отырғызылды, содан 240-245 мың гүл аламыз», - деді «Green Tehnology» ЖШС бас агрономы Галина Кизилова.


Маман атап өткендей, жергілікті гүлдерге деген сұраныс жоғары. «Көп бөлігін қарағандылықтар алады. Бірпарасы Астана қаласы мен Павлодар облысына жіберіледі. Сондай-ақ барлық қазақстан бойынша желісі бар Астанадағы кәсіпорын сатып алады», - деді Г. Кизилова.
«Green Tehnology» ЖШС жылыжай кешені 2011 жылы іске қосылды.

0 пікір
Мұрағат