Ел іші: Түйеге екпе шығарылды
Ел іші: Түйеге екпе шығарылды
5 жыл бұрын 2204

Қазақстанда түйенің күл ауруына қарсы екпе шығару басталды, деп хабарлады negekz ақпарат көзі ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

«Отандық биология және биотехнология мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу институты сынақтар өткізіп, түйе жұқпасына қарсы вакцинаны іске қосты. Заңнамаға сәйкес оны тіркеуді Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті жүзеге асырады», - делінген сәрсенбіде таратылған хабарда.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, «Ветеринарлық медицинаның ұлттық анықтамалық орталығы» РМК зертханалық зерттеулерінің нәтижелері бойынша Бейнеу, Тәжен және Сыңғырлау ауылдық округтерінде түйе індетіне байланысты карантин енгізілді.

«Түйелер арасында індет жоқ, алайда, жануарлар оқшауланып, әкімдіктердің ветеринария бөлімдері мен ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті аумақтық инспекциясының жіті бақылауына алынды. Індет анықталған орындарда «Республикалық эпизоотияға қарсы отряд» РМК Маңғыстау филиалының мамандары дезинфекция жұмыстарын жүргізуде», - деді ауыл шаруашылық министрлігі.

«Болашақ» стипендиясын тағайындаудың жаңа ережелері бекітілді

«Болашақ» стипендиясына конкурстық кезеңдер саны 6-дан 3-ке дейін қысқарды, деп хабарлайды «Хабар 24». Барлық квоталық санаттар жойылды.

Биылдан бастап конкурсқа шетелдік жоғары оқу орындарынан шартсыз шақырту алған талапкерлер ғана қатыса алады. Оның ауылдан келетін талапкерлерге қатысы жоқ. Бірінші кезеңде үміткерлер интеллектуалды деңгейін тексеретін кешенді тест тапсырады. Екінші кезеңде тәуелсіз сарапшылар комиссиясының мүшелерімен жеке сұхбат болады. Үшінші кезеңде шетелде кадрларды даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтеді. Үміткерлер өздігінен тест тапсырып, мемлекеттік тілді білу туралы сертификаттарын ұсынуы керек. Жаңа ережеде ағылшын тілін алдын ала оқыту алынып тасталды. Ол тек ауылдық жерлерден келген талапкерлер үшін сақталады. Тіл үйрену Қазақстанда өтеді.

Дүкенде чек бермесе арнайы органдарға хабарлап, сыйақы алуға болады

2019 жылы азаматтардың хабарлауы бойынша акция жүргізу барысында 940 дерек расталған.

ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті бақылау-кассалық машина фискалдық чегін бермеу фактілерін анықтауға арналған «Қоғамдық бақылау – түбіртекті талап ет» акциясын бүгіннен қайта бастады, деп жазады ҚазАқпарат.

Аталған ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, «Қоғамдық бақылау – түбіртекті талап ет» акциясына кез-келген үміткер қатыса алады. Барлық жолданған өтініштер мемлекеттік кірістер органдарында қаралады. App Store немесе Play market-тен «Wipon» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алып, фискалды чекті бермеу бұзушылық фактілері туралы хабарлауға болады. Фискалды чекті бермеу фактісі расталған жағдайда телефонның теңгеріміне (1000 теңге) сыйақы беріледі. 2019 жылы азаматтардың хабарлауы бойынша акция жүргізу барысында 940 дерек расталды, оларға 940 мың теңге сомасында сыйақы төленді. Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының барлық азаматтарын өздерінің азаматтық ұстанымын, заң бұзушылыққа төзбеуге және «Қоғамдық бақылау – түбіртекті талап ет» акциясына белсенді түрде қатысуға шақырады.

0 пікір
Мұрағат