Ел іші: Талдықорғандықтар құдалықты нағыз қазақи дәстүрмен атап өтті (видео)
Ел іші: Талдықорғандықтар құдалықты нағыз қазақи дәстүрмен атап өтті (видео)
8 жыл бұрын 3778 Stan.kz, BAQ.kz

Әлеуметтік желіде Талдықорған қаласы тұрғындарының құдалық дәстүрін мерекелеу сәтінен бейнежазба пайда болды. Онда қазақтың салт-дәстүрі нағыз қазақи көне әрі көрнекі нақышты аталып өтіп жатқанын байқауға болады. Онда бір топ адам халық әні “Беу, айдайды” домбыраның сүйемелдеуінде орындап, көше бойлап келе жатады. Видеода ерлер жағы да, әйелдер жағы да таза қазақи дәстүрге сай ұлттық киімдер киіп келе жатыр. Тіпті, жылқының өзін сәнді матамен жауып, әсемдеп қойған.

 Елорданың іргесіндегі құлпынай алқабы (видео)

Бұдан былай Астанада калифорниялық құлпынай саудасы қызатын болды. Оған себеп елорда іргесіндегі Дәмдісу ауылында ашылған құлпынай плантациясы. Астанадан 60 шақырым жерде бой көтерген жидек алқабы бар болғаны бір-ақ гектар аумақты алып жатыр. Осында отырғызылған 50 мың түп жидек аптасына 100 келі өнім беруге қауқарлы. - Әр түптің тамырына тамшылатып су жіберіледі. Бұл жерге химиялық зерттеу жүргіздік. Азот, фосфор және калийді тексердік. Мұнда фосфор өте жоғары екен. Қалғандары қалыпты деңгейде. Тек соларды пайдаланамыз. Ешбір гербицид, фунгицид қолданған емеспіз. Егін алқабында маусым сайын 20-ға жуық адам еңбек етеді. Жұмыс күші алыстан емес, маңайдағы елді мекендерден тартылған – дейді құлпынайды «шіркін-ай» дегізіп өсіріп отырған диқан Нұрлан Апушев.

0 пікір
Мұрағат