Ел іші: Қазақстандықтар үшін жаппай декларациялаудың бірыңғай қағидалары бекітілді
Ел іші: Қазақстандықтар үшін жаппай декларациялаудың бірыңғай қағидалары бекітілді
6 жыл бұрын 3284

Қазақстанның Қаржы министрлігі жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияның нысанын және оны жасаудың бірыңғай қағидаларын бекітті, деп хабарлайды Stan.kz.

Қаржы министрі № 617 бұйрыққа 2018 жылдың 21маусымында қол қойған. Құжат 2020 жылдың қаңтар айынан бастап өз күшіне енеді.

«Осы Жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны (250.00-нысан) жасау қағидалары «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы ҚР Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленді және жеке тұлғалардың активтері мен міндеттемелері туралы декларациясының жасалу тәртібін айқындайды», – делінеді құжатта.

Бекітілген бірыңғай қағидаларға сәйкес, бланкті толтыру барысында иелігіндегі активтер, сонымен қатар 500 ЕТЖ-дан артық сомасы, жылжымайтын мүлкі, құнды қағаздары туралы мәлімет беруі керек.

Кәмелетке толмаған тұлғалардың декларациясын заңды өкілдері толтырады.

Семейде политравма және ортохиругия орталығы ашылды

Жаңадан ашылған орталықта жоғары технологиялық медициналық қызмет түрлері көрсетілмек, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі altaynews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Шілденің 19 күні Семейдегі жедел медициналық жәрдем ауруханасының негізінде Политравма және ортохирургия орталығы іске қосылды.

Жаңадан ашылған орталықта замануи қондырғылардың көмегімен жоғары технологиялық медициналық қызмет түрлері көрсетілмек. Бұл өз кезегінде науқастардың тез айығуына сеп болары даусыз. Сол секілді осында жасалатын отадан кейін қысқа уақытта емделушілердің қозғалыс белсенділігі артатынына сенімді ақ халаттылар. Политравма бөлімінің меңгерушісі болып Дарын Бахтыбаев тағайындалса, ортохирургия бөлімінің тізгіні Қуаныш Қасымовқа сеніп тапсырылыпты. Мұндағы қызметкерлердің дені білікті мамандардан жасақталған көрінеді. Олардың қатарында медицина ғылымдарының профессорлары, докторлары, кандидаттарымен қатар, жоғары санаттағы дәрігерлер және медбикелер бар екен. Бұл Астана қаласындағы травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты, сондай-ақ Семейдегі Мемлекеттік медицина университетімен бірлесіп іске асырылған жоба. Ол 2016-2019 жылдарға бағытталған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде қолға алынды.

«Политравма және ортопедия орталығы республикалық травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу орталығының жетекші мамандарымен бірге ішкі протездеу және күрделі жарақаттарды емдеу үшін ең озық технологияларды енгізуге мүмкіндік береді. Бұл орайда жедел медициналық жәрдем ауруханасының рөлі өте маңызды. Өйткені осы мекеме Шығыс Қазақстандағы 9 ауданға қызмет етіп келеді», – деген еді облыс денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Шоранов Семейге жасаған алдыңғы сапарында.

Маңғыстауда жел электр станциясы салынады

Облыс әкімдігінде Форт-Шевченко маңындағы жел электр станциясын салу бойынша жобаны іске асыру үшін ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды 7kun.kz порталы Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Құжатқа Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов, «South Wind Power» ЖШС-нің бас директоры  С.Парцикян, және  «Horgos Jiuhe SilkBridge New Energy Co.,Ltd компаниясының өкілі Huang Cheng қол қойды.

Инвесторлар қуаты 2,5 кВт құрайтын 17 жел генераторларын орнатып, құрылыс кезеңінде 70 адам жұмыспен қамтылатынын айтты.  Инвестиция көлемі 60 млн долларды құрайды.

«Жел қондырғысының құрылысы «жасыл экономикаға» көшу, қоршаған ортаға зиян келтіретін инновациялық технологияларды жүзеге асыру болып табылады және бұл жоба электр энергиясының қажеттіліктерін қанағаттандыруға көмектеседі. Түпқараған ауданында 375 гектар жердегі 42 МВт жел қондырғысының құрылысы басталады. Аталмыш жобаның құрылысы ағымдағы жылдың тамыз айында құрылыс жұмыстары басталады», – деді облыс әкімі Ералы Тоғжанов.

Жобаға жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерінің орналасуы бойынша жоспар енгізілді, есеп айырысу және қаржы орталығымен сатып алу туралы келісімге қол қойылып «Маңғыстау электр желілерін бөлу компания

0 пікір
Мұрағат