Ел іші: ОҚО-ДА ЖЕРГІЛІКТІ КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ТЕГІН ЖАРНАМАЛЫҚ ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛМЕК
Ел іші: ОҚО-ДА ЖЕРГІЛІКТІ КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ТЕГІН ЖАРНАМАЛЫҚ ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛМЕК
9 жыл бұрын 2797 ult.kz Baq.kz altaynews.kz

ОҚО Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы таяу арада «Қазақстанда жасалған» брендімен отандық өндіріс орындарына тегін жарнамалық қызметтерін ұсынбақ.

Аталған бірегей жоба Оңтүстік Қазақстан облысындағы шағын және орта кәсіп субъектілеріне ақпараттық қолдау көрсетіп, олардың «Қазақстанда жасалған» брендімен өндірген өнімін халықтың көптеп тұтынуына әсер етуде үлкен жұмыс болмақ. Тегін жарнамалық қызметтердің түрі саналуан. Ол үшін ОҚО КҚКО кәсіпорындар үшін жарнамалық роликтер мен ұйымның эксклюзивтік жарнамасын әзірлеп беруге дайын. «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы ҚР Кәсіпкерлік кодексі аясында отандық тауарлардың экспортқа шығуы аясында сервистік-ақпараттық қолдау жұмыстарына бар күшін салатын болады.

Қазіргі экономикалық жағдайды ескерсек, аталған жоба Күнгейлік бизнесмендердің PR жұмыстарына бөлген қаражатын үнемдеуге зор үлесін қоспақ. Аталған қызмет түрлерін бастау осы жылдың көктеміне жоспарланып отыр», — дейді орталықтың бас директорының орынбасары Б.Дүйсебеков.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

 

Ақсулық кәсіпкер мұқтаж жандарға тегін гигиеналық заттар таратуда

Ақсу қаласында "Мойдодыр" дүкенінің иесі Вячеслав Дыбачевский аптаның әр сенбі күні қайырымдылық акциясын ұйымдастырып, гигиеналық заттарды тегін ұсынуда, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі. 

- Аз қамтамасыз етілген және мүмкіндігі шектеулі жандарға 10 тауар ұсынамыз. Әр жиынтыққа иіс сабын, кір сабын, кір жуатын ұнтақ, дәретхана қағазы және тіс пастасы кіреді. Бұл гигиеналық заттардың басым бөлігі Қазақстанда шығарылған. Бүгінгі күнге дейін барлығы 12 адамға көмек көрсетілді. Жалпы, тегін тауар алуға келетін жандардың саны басым. Өмірді қиын жағдайға тап болған жандарға көмек көрсету – әрбір азаматтың парызы деп ойлаймын. Сондықтан осындай көмек көрсетуді жөн көрдім, - дейді В. Дыбачевский. Кәсіпкердің айтуынша, акцияға келген ең үлкен қатысушы 91 жастағы қария. Алдағы уақытта тауарды өздігінен қозғала алмайтын жандардың үйлеріне жеткізу жоспарланып отыр. Тегін тауар алуға келген әрбір тұрғынның жеке басын куәландыратын құжаты немесе зейнеткерлік куәлігі болуы тиіс. Вячеслав Дыбачевский биылғы жылдың жаз маусымында дәретхана қағазын шығаратын зауытты іске қосуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ кәсібін кеңейтуді көздеген кәсіпкер косметика және парфюмерия заттарын саудалайтын екі дүкен ашпақ. Еске сала кетейік, бұған дейін Ақсу қаласының тұрғыны Россана Кораблева аптаның әр дүйсенбі күні жалғыз тұратын зейнеткерлер мен жалғызбасты жандарға өзінің жеке меншік «Әсел» дүкенінде тегін нан тарата бастаған. 

Ақбота Сейсенбаева

Наубайхана тегін нан үлестіріп жатыр

Наубайхана тегін нан үлестіріп жатыр. ШҚО Катонқарағай ауданында «Тегін нан» акциясы ұйымдастырылды. Акция 25 ақпаннан басталып, жыл бойы жалғастырылмақ. 

Акцияға қатысушылар дүкендерден сатып алған нандарды арнайы қойылған жәшіктерге қалдырып кетіп жатыр. Нан дүкенге келген ерекше мұқтаж жандарға берілмек. Ерекше мұқтаж жандарға тегін нан беру акциясына жұмыс істейтін тұрғындар мен кәсіпкерлер қатысуда.

Акцияға алғашқылардың бірі болып аудандық соғыс және еңбек ардагерлері кеңесінің төрағасы Оразхан Тұрысбаев өз қолдауын білдірді. Бұл шара алғашында Үлкен Нарындағы жеке кәсіпкер Вера Сайбекованың «Руслан» және Гүлмира Ибраеваның «Алем Маркет» жекеменшік дүкендерінде басталған болатын. Қазір новохайрузовкалық кәсіпкер Сауле Мұхаметқайырова жекеменшік наубайханасынан аудан орталығындағы «Мадина» дүкеніне күнделікті тегін нан бөліп отыр. Аталмыш акция Үлкен Нарын, Катонқарағай, Новохайрузовка, Жамбыл және Өрел ауылдық округтеріндегі кәсіпкерлер тарапынан да қолдау тауып отыр. 

0 пікір
Мұрағат