Екі жыл ішінде Қазақстанда қанша лауазым иесі жемқорлыққа жол бергені үшін жазаланды?
Екі жыл ішінде Қазақстанда қанша лауазым иесі жемқорлыққа жол бергені үшін жазаланды?
9 жыл бұрын 3688 Руслан Ғаббасов

2015-2016 жылдары 1800-ден астам лауазым иелері сыбайлас жемқорлық үшін жазаланды. Бұл туралы бүгін Астанада ЭЫДҰ сыбайлас жемқорлыққа қарсы желісі құқық қорғау органдарының жетінші отырысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «2015-2016 жылдары біздің жемқорлыққа қарсы қызметтің, ұлттық бюро жұмысының нәтижесі бойынша, 1800-ден астам лауазымды тұлғалар сыбайлас жемқорлық үшін жазаға тартылды. Олардың ішінде республикалық маңыздағы түрлі деңгейдегі басшылар 21-ден астам, облыстық -120, қалалық және аудандық- 313. 48 млрд. теңгеден астам келтірілген залал анықталды, соның ішінде орны толтырылған және тыйым салынған мүлік құны 32 млрд. теңгеден асады»,-деп тоқталды Шпекбаев. Оның сөзіне қарағанда, әрбір тергелген қылмыстық іс бойынша отандық қылмыстық-процессуалдық кодекске сәйкес нұсқама енгізіледі. Осы ретте 1528 осындай нұсқама жіберіліп, 436 тәртіптік жаза енгізілді. «Бұл бағыттағы жұмыстар бойынша тиісті нәтижелер айқындалды, яғни, қызметін төмендетумен мемлекеттік қызметті орындаудан босатылғандар бар, сонымен қатар жұмысынан шығарылғандар да жеткілікті»,-деді ол.

Шпекбаев Қазақстаннан шетелге 70 млрд. теңгені шығарғандар туралы айтып берді

Шпекбаев Қазақстаннан шетелге 70 млрд. теңгені шығарғандар туралы айтып берді

 

Алик Шпекбаев

Бес жылда жемқорлар Қазақстаннан 70 млрд. теңгені сыртқа шығарған. Бұл туралы бүгін Астанада ЭЫДҰ сыбайлас жемқорлыққа қарсы желісі құқық қорғау органдарының жетінші отырысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев мәлім етті. «Соңғы бес жылда сыбайлас жемқорлық қылмыстарының салдарынан Қазақстаннан 70 млрд. теңгеден астам қаржы шығарылды. Осы қылмысқа қатысты 47 адамға халықаралық іздеу жарияланып, 28-і табылып, Қазақстанға экстрадицияланды. Осы ретте бүгінгі отырысқа қатысып отырған бірқатар әріптестеріме алғысымды айтқым келеді. Олар құқықтық көмек аясында қылмыскерлерді елімізге экстрадициялауға қолдау жасады»,-деді Шпекбаев. Бұдан бөлек ол отырыс барысында тілшілер сауалына жауап беру кезінде Қазақстаннан шетелге заңсыз шығарылған ақшаны қайтару бойынша Бас прокуратура мен агенттік тарапынан тиісті шаралар атқарылып жатқандығын атап өтті. «Кеткен шығын бар (70 млрд. теңге), бүгінде оның 20 пайызының орны толтырылды. Кетіп қалғандарға қатысты алдағы уақытта қайтару жұмыстары мен тиісті экстрадициялау шаралары іске асырылуда. Атап айтқанда, заңсыз аударымдар мен осы жолмен шетелде сатып алынған мүлікке тыйым салу шарасы қолданылып, сәйкесінше бұл қаржы Қазақстанға қайтарылады»,-деді Шпекбаев.

0 пікір
Мұрағат