Екі жас спортшы Сириядағы соғысқа кетті
|
«Ақ жайық» ақпарат көзінің құқық қорғау органдарына сілтеме жасай отырып, таратқан хабарына қарағанда, 23 жастағы Нұрлан М. және 19 жастағы Фархат Г. ИСИМ-нің қатарында ұрыс қимылдарына қатысу үшін Сирияға аттанған. Хабарға қарағанда, олар Сирияға үстіміздегі жылдың қазан айында кеткен. Облыстың спорт саласының жетекшілері бұл жағынан хабардар болып үлгерді. Олардың бәрі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаментіне шақырылған. Профилактикалық жұмыстар жүргізіліп жатыр. ИСИМ содырларының қатарында ұрыс жүргізуге кеткен Нұрланды жергілікті жұрт грек-рим күресі бойынша республикалық деңгейдегі бірнеше дүркін чемпионы ретінде біледі. Қазақстан Республикасының спорт шебері. Ал Фарқат жастар арасында грек-рим күресінен күміс жүлдегер. ҚР спорт шеберлігіне кандидат. Шетелдегі қарулы қақтығысқа қатысқан еліміздің азаматтары үшін өмір бойы бас бостандығынан айыруға дейін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.