Екі аяқ, бір қолы жоқ қызылордалық таксиші болып отбасын асырауда (фото,видео)
Екі аяқ, бір қолы жоқ қызылордалық таксиші болып отбасын асырауда (фото,видео)
8 жыл бұрын 4813 Stan.kz

І-ші топ мүгедектері Бақытбек пен Күләш Сейітбековтер  жақсы өмір іздеп, ауданнан Қызылорда қаласына келіп тұрып жатқандарына бір жыл уақыт болған. Екеуі де денсаулықтарына байланысты мемлекеттен көмек ақы алады. Дегенмен, тек сол ақшаға қарап отырған ерлі-зайыптылар жоқ, қолдарынан келгенше тіршілік жасап нәпақа тауып жатыр.

қыз2

Он екі мүшесі түгел кей адамдарға қарағанда өмірге құштар жандардың отбасында Stan.kz сайтының өңірдегі тілшісі болып қайтқан еді.

қыз3

Сейтбековтер отбасы қазір қалада тұрып жатыр. Ата-ананың бар арамны 13 жасар қыздарын жұрт қатарлы бағып-қағу. Қалада жақсы мектепте оқытып, барынша қолдау көрсету. 

қыз5

Бақытбек Сейітбеков Кеңес үкіметі кезінде әскерде борышын өтеп жүріп, елге қайтуына небары 1 ай уақыт қалғанында байқаусызда пойыз астына құлап, екі аяқтанан айырылады. Бір жыл әскери госпитальде жатып, елге мүгедек болып оралған азамат ауылда суретке түсіруші болып жұмыс істеген.

қыз4

Қалаға келіп жайлы өмір сүреміз деген отағасы мұнда суретші болып, ешкімді таң қалдыра алмасын түсінген. Сөйтіп, денсаулығы жарағанша күніне бірнеше сағат адам тасып, ақша табады. Орталыққа жақын маңдағы мына үйді қарызданып жүріп алған. Енді сол берешегін қайтару үшін барынша еңбектеніп жатқан жайлары бар.

қыз1

Жұбайы Күләш те құр қарап отырған жоқ. Құрақ көрпеше құрауға тапсырыс алып, үйде тігін машинамен жұмыс істеп отырған жайы бар.

Бақытбек Сейітбеков айсайын өзінің жәрдемақсын толықтай қарызға береді екен. Жұбайы алатын 40 мың теңге жәрдемақы толықтай азық-түлікке кетеді.  Отағасы қысқа дейін  ауласын қоршап, жуынатын орын мен әжетхананы үйдің ішіне салып алуды жоспарлап отыр.  Ел арасынан көмек қолын созғысы келетіндердің де жәрдемін қуана қабылдауға әзір.

 

0 пікір
Мұрағат