«Эйр Астана» жаңа Атырау-Франкфурт рейсін ашады
«Эйр Астана» жаңа Атырау-Франкфурт рейсін ашады
7 жыл бұрын 2667 7kun.kz Atameken Business Channel

2018 жылдың 26 наурызынан бастап ұлттық тасымалдаушы Атырау мен Франкфурт арасында дүйсенбі және жұма күндері Airbus A321-де екі класты  ұшағымен (бизнес-класта 28 орын, эконом-класта – 151) ұшуларды бастайды. Атыраудан Франкфуртқа ұшу уақыты 5 сағатты құрайды.

Ұшу Lufthansa-мен кодшеринг туралы келісімі аясында жасалады.

«Біз аймақтағы корпоративтік клиенттеріміздің саяхатын ыңғайлы ететін жаңа бағыттың ашылуы туралы қуана хабарлаймыз. Көмірсутек секторы үшін Еуропа мен Азияның шекарасында орналасқан Атырау қаласы ерекше маңызды. Сондай-ақ, Lufthansa компаниясымен бірлескен ұшу туралы келісімшарттың кеңеюіне қуаныштымыз. Ол жолаушыларға Lufthansa жаһандық ұшу желісіне қол жеткізуге мүмкіндік береді», – деді  «Эйр Астана» әуекомпаниясының маркетинг және сату жөніндегі вице-президенті Ричард Леджер.

2017 жылдың наурыз айында Астана мен Франкфурт арасындағы кодшеринг келісіміне қол қойылған сәттен бастап, «Эйр Астана» Франкфурттегі  1-терминалына рейстерін ауыстырды. Бұл екі әуекомпания арасындағы рейс арасындағы түйісу уақытын қысқартты.

Атырау-Франкфурт рейсі – Франкфурт және Қазақстанды байланыстыратын үшінші бағыт, Астанадан күнделікті рейсімен және Оралдан апта сайын рейсімен қоса. Сондай-ақ, жолаушыларға аптасына Алматы мен Франкфурт арасында кодшеринг келісімі аясында Lufthansa-мен орындалатын жеті рейс қолжетімді.

0 пікір
Мұрағат