«Дінаралық татулық – тәуелсіздіктің тірегі» шығармашылық байқауы өтеді
«Дінаралық татулық – тәуелсіздіктің тірегі» шығармашылық байқауы өтеді
8 жыл бұрын 3505 ummet.kz

Қазақстан Республикасының 25 жылдығына орай Астана қаласы әкімдігінің Дін проблемаларын зерттеу орталығы Дін істері жөніндегі басқармамен бірлесіп «Дінаралық татулық – тәуелсіздіктің тірегі» шығармашылық байқауын өткізеді. Шараға гуманитарлық және шығармашылық мамандықтардың орта білімнен кейінгі деңгейінің студенттері, журналистер мен кәсіпқой дизайнерлер қатысады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Шараның мақсаты – діни емес ағымдардың әсер ету қауіпінің алдын алу саласындағы өзекті мәселелер жөнінде ақпарат тарату бойынша жастардың шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту және қолдау, еліміздің дәстүрі мен мәдениетіне сай діни сана-сезімді қалыптастыру. Сонымен қатар, дін мәселелеріне қатысты оқиғаларды әділ және қасақана емес жариялайтын БАҚ өкілдері ынталандырылатын болады.

Байқау үш номинация бойынша өтеді: «Ең үздік мақала, мақалалар топтамасы», «Ең үздік көрнекті туынды», «Ең үздік бейнешығарма немесе сценарий». Әр номинацияда жүлделі үш орын болады.

Байқауға қатысуға өтінімдер 2016 жылдың 20 қыркүйегіне дейін baiqau@mail.ru электрондық поштасы бойынша қабылданады. Толық ақпаратты + 7701 173 23 76, + 7747 666 27 04 телефондары бойынша және religii.kz сайтынан алуға болады. 

 

«Қазақстан Республикасының 25 жылдығына» орай

«Дінаралық татулық – тәуелсіздіктің тірегі»

 атты Республикалық шығармашылық байқау

ұйымдастыруы мен өткізуінің

 

ЕРЕЖЕСІ

 

1.    Жалпы ереже:

1.1 Осы ереже (одан әрі - Ереже) «Дінаралық татулық – тәуелсіздіктің тірегі»атты Республикалық шығармашылық байқау (одан әрі - Байқау) гуманитарлық және шығармашылық мамандықтардың орта білімнен кейінгі деңгейінің студенттері, журналистер мен кәсіптік дизайнерлер арасында келесі үш номинациялары бойынша «Ең үздік мақала, мақалалар топтамасы»«Ең үздік көрнекті туынды»,«Ең үздік бейнешығарма немесе сценарий» дін саласындағы өзекті тақырыптарды жариялау бойынша ең үздік жұмыстарды жариялау бойынша ұйымдастыруының реті мен талаптарын анықтайды. 

1.2. Байқау мақсаты:

Байқаудың басты мақсаты – қоғамдағы деструктивтік иделогияны таралуының алдын-алу, қазақстандық азаматтардың радикаландыруына жол бермеу, еліміздің дәстүрлі ханафиттік мазхабымыздің құндылықтары мен қағидаларын насихаттау. Оқушы жастарымыздың қандай да бір идеолгияны қабылдай отырып сыншыл ұғынудың қабілеттерін дамыту,саяси-діни және экстремистік ұйымдарды насихаттаудың ықпалынан берік иммунитетін құру, біздің еліміздің дәстүрі мен мәдениетімізге сай діни сана-сезімді қалыптастыру, сонымен қоса дін мәселелеріне қатысты оқиғаларды әділ ниеттерімен жариялайтын БАҚ өкілдерін ынталандыру болып келеді. 

1.3. Байқау міндеттері:

- тұрғындардың діни сауаттылығын арттыру;

- радикалдық идеологияларына жол бермеуіне берік дүниетанымын қалыптастыру;

- терроризм мен экстремизм идеяларын таратуды алдын алу;

- толеранттылық пен межконфессионалдық қарым-қатынастың қазақстақстандық моделін насихаттау;

- жастардың шығармашылық қоғамдық белсеңдігін қолдау мен ынталандыру. 

2.    Байқау мәні мен қатысушылары:

2.1. Қазақстан Республикасының территориясындағы дін саласындағы өзекті тақырыбы бойынша гуманитарлық және шығармашылық мамандықтардың орта білімнен кейінгі деңгейінің студенттері, журналистер мен кәсіптік дизайнерлер, мақала, дін саласындағы мақалалар топтамасы, плакаттар, постерлер, көрнекті туындылар, спектакльге, көрініске, қысқа метражды деректі фильмге (20 мин дейін) арналған сценарий байқауға шығармашылық жұмыстарынұсынады.

2.2. Байқауға тек авторлар мен бірлескен авторлардың түпнұсқа жұмыстары қабылданады.  Байқаудың мақсаттары мен міндеттері және номинацияларына сай емес жұмыстар қабылданбайды және қарастырылмайды.

2.3. Байқаудың мақсаттары мен міндеттері және номинацияларына сүйене отырып автор ұсынатын жұмыстардың жанры мен нақты тақырыпты өзі анықтайды. 

3.    Байқау ұйымдастырушылары:

3.1. Байқау ұйымдастырушылары «Дін істері жөніндегі басқармасының» ММ, Астана қаласы әкімдігінің Дін проблемаларын зерттеу орталығы" КММ,«ZINDUSTRIESLLC» (әрі - Ұйымдастырушы).

3.2.  Байқау ұйымдастырушылары қамтамасыз етеді:

- байқау қатысушыларына бірдей жағдай қалыптастыру;

- байқау нәтижелерін ресми хабарландыру күнінен ерте жарияламау;

3.3. Байқаудың ұйымдастыру комитетін құрастыру

3.4. Ұйымдастыру комитетікелесі міндеттерді атқарады:

- байқау комиссиясын құрастыру (одан әрі – Комиссия);

- техникалық ерекшеліктерге сай ақпаратпен қамтамасыз ету;

- байқауға ұсынылған өтінімдер мен шығармашылық жұмыстарды қабылдау;

- комиссия мүшелерінің назарына қатысу өтінімдерін беру;

- байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімін өткізу;

- шараны кәсіби фототүсіруін ұйымдастыру;

- байқауды ұйымдастыруымен байланысты басқа да міндеттерін атқару (бағдарлама, тұжырымдама, баспасөз парағын жасау, марапаттау рәсімі мен комиссия отырысының орнын анықтау, шақыру билеттерін дайындап қатысушыларға тарату, диплом , алғыс хат мәтінін жазу, дизайнды жасап шығару, дипломдарға арналған жақтаулармен қамтамасыз ету, марапаттау рәсімінің қатысушылар, жүлделі орын иегерлері мен қонақтар тізімін анықтау). 

3.5. Ұйымдастыру комитетінің байланыс мәлеметтері:

Мекенжай: Астана қаласы, Ойтоған көшесі, 2 үй

Телефон: + 7 701 173 23 76, +7 747 666 27 04

эл. пошта: baiqau@mail.ru 

4.    Байқау номинациялары мен сыйлықтары:

4.1.Байқау келесі номинациялары бойынша өткізіледі:

«Ең үздік мақала, мақалалар топтамасы» - дін саласындағы мақала, мақалалар топтамасы – журналистер мен гуманитарлық мамандықтардың орта білімнен кейінгі деңгейінің студенттері арасында. Сюжеттің ерекшелігі, сауатты, қызық болуы қажет. Мазмұны байқаудың аты мен ереженің талаптарына сай болуы қажет.  

«Ең үздік көрнекті туынды» - дін саласындағы өзекті тақырыптар бойынша ең үздік көрнекті туынды (плакаттар, постерлер). Компьютерлық граффика арқылы жасалған жазық сурет болуы қажет. Ерекшелік талаптары болғандықтан, ұсынылатын жұмыстарда жартылай немесе толық өзінің емес басқа суреттер болса байқау комиссиясы шығармашылық ұрлық ретінде санап, қабылдамайды.

«Ең үздік бейнешығарма немесе сценарий» - ең үздік бейнешығарма немесе сценарий (дін саласындағы өзекті тақырыптары бойынша спектакльге, көрініске, қысқа метражды деректі фильмге сценарийдің жазылуы, 20 мин-ке дейін). Ерекшелік талаптары болғандықтан, ұсынылатын жұмыстарда жартылай немесе толық өзінің емес басқа суреттер болса байқау комиссиясы шығармашылық ұрлық ретінде санап, қабылдамайды.

4.2. Бағалы сыйлықтар ресми сатушылардан ғана сатып алынады.

Сыйлықтар және байқау тақырыбы:

5.1 Жүлделі орын иегерлері* номинация бойынша диплом менақшалай сыйлықтармен марапатталады:

Ø    «Ең үздік мақала, мақалалар топтамасы»:

I орын – 150 000 тг;

II орын – 50 000 тг;

III орын – 30 000 тг.

Ø   «Ең үздік көрнекті туынды»:

I орын – 150 000 тг;

II орын – 50 000 тг;

III орын – 30 000 тг.

Ø   «Ең үздік бейнешығарма немесе сценарий» :

I орын – 200 000 тг;

II орын – 100 000 тг;

III орын – 50 000 тг.

*шығармашылық жұмыстардың авторлары "Астана қаласы әкімдігінің Дін проблемаларын зерттеу орталығы" КММ құқық иесі екенің мойындап, ұсынған жұмыстардың таралымын көбейтуге және пайдалануға келіседі.

5.2 Номинациялар бойынша шығармашылық жұмыстарға ұсынылатын тақырыптар:

  1. 1.       «Дінім-айбыным, дәстүрім байлығым»
  2. 2.      «Руханият – ұлттық тұтастықтың кепілі»
  3. 3.       «Зайырлы қоғам және жоғары руханият – бірлік пен келісім кепілі»
  4. 4.      «Деструктивті ағымдар халқымыздың қасіреті»
  5. 5.       «Достық пен ұлтаралық келісім - мұратымыз»

6.      Дін мен дәстүр сабақтастығы

7.      Ұлттық тәрбие – рухани азық

8.       Дінаралық татулық – тәуелсіздіктің тірегі

9.      Экстремизм дінге жат

10.     Отанды сүю – иманнан

 

6.    Байқау реті мен қатысу өтінімді тапсыру күні:

6.1.Байқауға қатысудың реті келесі нұсқау бойынша жүргізіледі:

- ұйымдастыру комитетіне шығармашылық жұмысты ұсыну;

- қоғамдық ұйымдар, баспа мен БАҚ және с.с. ұйымдардың тарапынан автордың ұсынылуы.

6.2. Шығармашылық жұмысты байқаудың ұйымдастыру комитетіне Ережеде көрсетілген электрондық поштасы арқылы жіберуге болады;

6.3. Электрондық пошта арқылы жұмыстарды жіберуге мүмкіндік болмаған жағдайда ұйымдастырушы комитетінің мекенжайына жіберуге болады.

6.4. Қатысу өтінімі мен шығармашылық жұмыстар 2016 жылдың 20 қыркүйекке дейін қабылданады.

6.5. Қатысушы байқауға әр номинация бойынша тек 1 (бір) шығармашылық жұмысты ұсына алады.

6.6. Номинациялар бойынша ұсынылатын басылымның минималдық көлемі (мақала, дін саласындағы мақалалар топтамасы – 1800 баспа таңбасынан кем емес аралықтарымен. Ұсынылатын бейнежазбамен сценарийдің максималды хронометражі 20 минуттен аспауы қажет.

6.7. Атқару тілі: мемлекеттік тіл, орыс тілі.

6.8. Байқауға жіберілген шығармашылық жұмыстар рецензияланбайды, қайтарылмайды және төленбейді.

6.9. Қатысу өтінімде келесі мәлеметтер көрсетіледі.

- номинацияның аты, жұмыстың формасы;

- Аты, тегі, әкесінің аты, жеке куәлігінің көшірмесі;

- білім, жұмыс орны, оқу орны, мекенжай, ұялы телефон мен жұмыс орнының телефон нөмері, электрондық пошта;

- байқауға ұсынылатын шығармашылық жұмыстың түпнұсқасы.

6.10. Қатысу өтінімдері ұйымдастыру комитетіне жіберілуі қажет

*Қатысушылар электрондық және баспа БАҚ-да басылымға шыққан жұмыстардың  толық шығу мәлеметтерін немесе электрондық сайттың мекен жайын көрсететін түпнұсқасын немесе скан нұсқасын жіберу керек.

*Қатысушылар, байқауға ұсынатын шығармашылық жұмыстар телеараналардың эфирлерінде көрсетілген жағдайда, бейнежазбаның эфирге шыққаның растайтын эфирлік анықтаманы жіберу қажет. (DVD-ке жазылған avi, mp4 форматтағы репортаж, бейнежазба, бағдарлама,деректі фильм);

*Комиссия мүшелерінің, ұйымдастыру комитеті мен ұйымдастырушылардың жақын туысқандардың, жұбайылардың, әріптестердің жұмыстары қабылданбайды.

7.    Байқау комиссиясы:

7.1.Байқау комиссиясының құрамы:

- төраға (ғылымдар докторы дәрежесінен кем емес);

- екіден кем емес әділ-қазылар мүшелері (беделді дінтанушылар);

- хатшы.

7.2. Байқау комиссяиның мүшелері өз қызметінде келесі қағидаларды негізге алады:

- әділдік;

- тең құқықтық;

- алқалық;

- адалдық.

7.3. Байқау коммиссиясы келесі міндеттерді атқарады: қатысу өтінімдерді талдап бағалайды, әр номинация бойынша жеңімпаздарды анықтайды.

7.4.Әр номинация бойынша қорытынды шешімді шығару үшін байқау комиссиясы кем дегенде екі отырыс өткізу қажет. Отырыс барысын хатшы белгілеп, айқындылық мақсатында хаттама толтырылады.  

7.5. Байқау коммиссияның шешімі соңғы болып келеді де ұйымдастыру комитетінің  тарапнынан өзгерістерге ұшырамайды.

 

8.Байқау жеңімпаздарын анықтау мен тундыларды бағалау критерийлері:

- байқаудың мақсаты мен міндеттеріне сай болу;

- шығармалардың терроризм мен экстремизм идеяларын таралуының алдын алу тақырыптарына бағытталуы;

- статистикалық, аналитикалық және салыстырмалы ақпараттың қолданылуы;

- туындыны ұсынуының ерекшелігі, эмоциялық деңгейі;

- шығарманың нақтылығы мен тілдіңұғымдылығы;

- суреттің сапасы. 

9.Байқауды өткізу реті мен қорытындыны шығару:

Байқау 2016 жылдың 11 шілде мен 20 қыркүйек аралығында өтеді.

Байқауды өткізу кезеңдері:

1)  2016 жылдың 11 шілде мен 20 қыркүйек аралығында – қатысу өтінімдер мен шығармашылық жұмыстарды қабылдау;

2) 2016 жылдың 21 қыркүйек – әр номинация арасында жеңімпаздарды анықтау үшін байқау коммиссиясының алғашқы отырысы;

3)  2016 жылдың 24 қыркүйек  - әр номинация арасында жеңімпаздарды анықтау үшін байқау коммиссиясының соңғы отырысы;

4)   Соңғы - жеңімпаздарды марапаттау рәсімі.

9.2. Байқауға ұсыналған шығармашылық жұмыстар байқау комиссияның әр мүшесі әр критерий бойынша он балдық әдістемесін қолданып бағалайды.

9.3. Қатысушының қорытынды бағасы әр критерий бойынша жалпы саны шығарылып анықталады.

9.4. Ең көп ұпайды жинаған қатысушы жеңімпаз болып саналады.

 

  • Байқау жеңімпаздарын марапаттау

10.1.  Салтанатты марапаттау рәсімі Астана қаласында өтеді.

10.2. Байқаудың нәтижелері республикалық пен қалалық БАҚ-да, интернет-порталдарда көрсетіледі. 

*ұйымдастыру комитеті марапаттау рәсімнің нақты орны мен уақытын  7 күннен кем емес аралықта хабарлайды.

1 пікір
Мұрағат