Дарья есімді орыс қызы Ислам дінін қабылдады
Дарья есімді орыс қызы Ислам дінін қабылдады
7 жыл бұрын 7287 asyldin.kz

Тараз қалалық "Кеңесхан қажы" мешітінің шәкірттері мен мешіт ұжымы көктемнің алғашқы сенбісін айтулы оқиғамен қарсы алды. Әлімсақтан берілген Иман ыхласы бауырымыз Ханифаны (шын есімі Дарья) мешіт табалдырығына алып келді. Шәкірттердің сауалдары аясында сұхбаттаса отырған Ханифа Ислам хақиқаты жайлы көзқарасымен бөлісті. Мешіт ұстазы Қожантаева Айдана "Иман - шексіз нығмет" тақырыбында уағыз айтып, Ханифа өзінің мұслымандығын жариялап, шаһадат сөзін айтты.

Дін бауырлардың ыстық ықыласына бөленген Ханифаға шәкірттер мен мешіт ұжымы атынан естелік сыйлықтар табысталды. Барша жамағатқа қуанышын жасыра алмаған Ханифа көзіне жас алып, алғысын білдірді.

Жиын соңында Ханифаны дастархан басында ортаға алған мешітіміздің әйелдер жамағаты құттықтап, оған өздерінің жүрекжарды тілектерін айтып, тарқасты.

"Кеңесхан қажы" мешітінің Баспасөз қызметі

0 пікір
Мұрағат