Дәрігерлер емес, IT-маманы қол салып берді (видео)
Дәрігерлер емес,  IT-маманы қол салып берді (видео)
7 жыл бұрын 4755 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Шығыс Қазақстан облысының Қалбатау ауылында тұратын Әкежан Арғынғазин есімді 15 жастағы бозбала елімізде жасалған бионикалық протез қолдың тұңғыш иесі атанды. Басынан бастасақ, біздің кейіпкеріміз осыдан бірнеше жыл бұрын қатерлі ісік салдарынан оң қолынан айырылған болатын. «Біз барлық жолды қарастырдық. Алайда, бәрі қаржыға келіп тірелетін. Литвада протез салдыру 25 мың доллар болса, Германияда 60 мыңнан асады»,- деп еске алды анасы Бибигүл Ахтанова. Бір жағдай болмағанда Әкежан әлі күнге протезсіз жүрер ме еді. Өткен жылы Бибигүл Ахтанова әлеуметтік желі арқылы бионикалық протез жасаумен айналысатын алматылық Мәулен Бектұрғановпен танысады. Оның тобы құрастыратын жасанды қол 20-дан аса түрлі қимыл жасауға қабілетті болып шықты. Оны салдырған адам бір тәуліктің ішінде протез қолды игеріп кете алады. 3Д пластмассадан жасалған жасанды қолдың салмағы – 2,5 келі. Оның мықтылығы сол, ми импульсымен тікелей байланысқан. Яғни, баланың ойын дем арасында қағып алады.

0 пікір
Мұрағат