Былтыр 38 мыңға жуық қазақстандық Ресей азаматтығын алған
Былтыр 38 мыңға жуық қазақстандық Ресей азаматтығын алған
7 жыл бұрын 2413 skifnews.kz

Ресей азаматтығын алған қазақстандықтардың саны жыл сайын өсіп отыр. Бұл көрсеткіш жағынан біздің ел ТМД елдері арасында екінші орын алады деп жазады RT порталы. Мәселен, 2015 жылы 32 070 қазақстандық Ресей паспортын алса, былтыр бұл көрсеткіш 37 837 адамды құрапты.

Ресей ғылым академиясына қарасты Әлеуметтану институтының бас ғылыми қызметкері, әлеуметтану ғылымдарының докторы Владимир Мукомельдің айтуынша, Қазақстаннан қоныс аударып, азаматтығын ауыстырып жатқандардың дені жас студенттер екен.

"Қазақстаннан Ресейге көшіп келгендердің барлығына жуығы – орыстілді халық. Олардың көбі Ресейге жоғары білім алу үшін келеді", – дейді Владимир Мукомель.

Оның болжамынша, Ресей азаматтығын алғысы келетін қазақстандықтар саны биыл да өсуі мүмкін. Бірақ, алданы бірер жылдан кейін бұл көрсеткіш төмендейтін болады. Өйткені, көрші елге қоныс аударғысы келетіндер саны шексіз емес дейді ол.

Жалпы, 2016 жылы Ресей азаматтығын 265 319 адам алған (2015 жылы – 209 799). Көш басында екінші жыл қатарынан украиндер тұр – 100 696 адам. Мұнан кейін қазақстандықтар, бізден кейін Өзбекстан азаматтары – 23 216.

0 пікір
Мұрағат