Бүгінде елімізде жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар саны қанша?
Бүгінде елімізде жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар саны қанша?
8 жыл бұрын 5726 inform.kz, stan.kz

Еліміздегі жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды паналатқан орталықтардың қаншауының жабылғаны белгілі болды. 

Бүгінде елімізде жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар саны – 29 мың 666 бала.

“Олардың ішінде қазақстандық азаматтардың отбасыларында 19 761 бала тәрбиеленуде, патронаттық тәрбиеде – 1839 бала бар. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 8 066 бала толық мемлекеттің қамқорлығында. Соның арасында 6436 бала білім беру жүйесіндегі 106 балалар үйлерінде тәрбиеленуде. 828 бала денсаулық сақтау жүйесіндегі 23 сәбилер үйлерінде, ал 802 бала халықты әлеуметтік қорғау жүйесіндегі 17 мүгедектерге арналған үйлерде тәрбиеленуде”, – делінген ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің мәліметінде.

Атап айтқанда, 2015 жылы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелейтін ұйымдар 42 бірлікке қысқарды, сондай-ақ 2016 жылдың 9 айында осындай 6 ұйым жабылды.

0 пікір
Мұрағат