Бүгін - Халықаралық жастар күні
Бүгін - Халықаралық жастар күні
10 жыл бұрын 7728 baq.kz

Бүгін - Халықаралық жастар күні. Бұл күнді БҰҰ Бас Ассамблеясы, жастар ісі бойынша министрлердің 1998 жылы 8-12 тамызда Лиссабон қаласында өткен Бүкіләлемдік конференциясының ұсынысы бойынша бекіткен.

Халықаралық жастар күнінің 2014 жылғы тақырыбы: «Жастар және психикалық денсаулық». Психикалық денсаулығы нашар жастар қоғам тарапынан жиі кемсітушілікке ұшырап жататыны жасырын емес. Бұл өз кезегінде олардың оқшаулануына, тұйықталуына әкеп соғуы мүмкін. Олар бертін келе өздеріне осылай ат қойып, айдар тағылған соң, қандай да бір көмек сұраудан қашқақтайтын болады. Сондықтан, бүгінгі күн қоғам назарын осы мәселеге аударуға бағытталған.

Сонымен қатар, бұл күнді атап өту - жастар мүддесін қорғауға арналған Бүкіләлемдік іс-әрекет бағдарламасын жүзеге асыруға және ол туралы жастарды хабардар етуге бағытталған. Бұл бағдарламаны 1995 жылы БҰҰ қабылдаған болатын. Ал 2007 жылы кеңейтілді.

Бағдарлама 15 бағытты қамтиды. Олар: білім, жұмыспен қамту, аштық және кедейлік, денсаулық сақтау, қоршаған орта, нашақорлық, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс, бос уақытты ұйымдастыру, арулар мен жас келіншектер, жастардың қоғам өміріне және шешім қабылдау үдерісіне толыққанды және тиімді араласуы, жаһандану, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, АҚТҚ/ЖҚТБ, қарулы қақтығыстар және ұрпақтардың өзара қарым-қатынас мәселесі.

БҰҰ классификациясы бойынша жастардың жас ерекшеліктері - 15 жастан 24 жасқа дейінгі аралықты қамтиды. Демек, қазіргі таңда әлемде 1,2 млрд. жас аазматтар өмір сүреді. Бұл бүкіл жер шары хақының 18 пайызын құрайды. Олардың көпшілігі дамушы елдерде өмір сүреді және өкінішке қарай әр түрлі ресурстарға, денсаулық сақтау қызметтеріне, білімге, кәсіби дайындыққа, жұмысқа тұруға және басқа да экономикалық мүмкіндіктерге қол жеткізу мүмкіндігінің шектеулігінен зардап шегеді.

0 пікір
Мұрағат