Бұдан былай мекемелер азаматтардан анықтама талап етпейді
Бұдан былай мекемелер азаматтардан анықтама талап етпейді
6 жыл бұрын 2107

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне қарасты Digital office Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің азаматтардың мекенжай анықтамасын алудан бас тарту туралы бастамасын қолдайды. Бұл туралы Digital office-ке сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.

Қазіргі тетіктер аясында, егер заңды тұлғаға немесе мемлекеттік органға ақпарат қажет болса, олар осы азаматтың анықтамасын өздігінен бір реттік пароль немесе мобильді азаматтар базасы арқылы ала алады. ЕХӘҚМ Digitaloffice қызметтері аясында деректерді азаматтардың қатысуынсыз алу үлгісіне өтеді. Енді азаматтан еңбек жағдайы (жұмыссыздық) туралы анықтаманы талап еткен ұйым оны қызықтыратын ақпаратты жеке тұлғаның тікелей қатысуынсыз алуы тиіс. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқышев мынадай мәлімдеме жасады: «Бізде адамдардың жұмыссыз екенін айғақтайтын анықтама бар. Осы бастама аясында аталмыш анықтаманы жоюды мақсат етіп қойдық. Ол мектеп, банк, сот және т.б. бірқатар мекемелер үшін қажет. Барлық бағыттар бойынша биыл осы анықтаманы алу қажеттігін тоқтату үшін тиісті өзгерістер енгіземіз». Н. Мұқышев азаматтардың өзі туралы жеке деректерді алуға келісімді sms-хабарлама көмегімен бере алатынын түсіндірді.

0 пікір
Мұрағат