Британияның компаниясы Қазақстанда 30 жыл бойы ағаш екпек
|
Британияның SEFE Marketing&Trading Limited компаниясы 30 жыл ішінде Қазақстанда 3,3 миллионнан астам ағаш екпек. Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Дереккөзге сүйенсек, бүгін Қазақстанның премьер-министрі Олжас Бектенов британдық SEFE Marketing&Trading Limited компаниясының активтерді басқару жөніндегі вице-президенті Александр Демидовпен кездескен. Кездесуге сондай-ақ Қазақстандағы «SAFC» ЖШС директоры Юрий Ким де қатысқан. Өйткені, тиісті келісім осы екі компания арасында жасалған.
«Бүгін Астанада британдық компанияның 30 жыл бойы орман егуін көздейтін келісімге қол қойылды. Келісімге SEFE Marketing & Trading Ltd және «SAFC» ЖШС компаниялары қол қойды», - деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.
Жоба бойынша, Алматы облысының 1500 гектар жерінде орман экожүйесі пайда болады. Компания терек, қарағаш, қайың, итмұрын, шырғанақ сияқты жалпы саны 33,3 млн ағаш егуді жоспарлап отыр.