Бизнесті рәсімдеуге қажет құжаттар саны 50 пайызға азайды
Бизнесті рәсімдеуге қажет құжаттар саны 50 пайызға азайды
8 жыл бұрын 2512 7kun.kz Сурет: prouchebu.com

Бұл туралы ҚР ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Үкімет отырысы барысында Қазақстандағы кәсіпкерлікті қолдау үшін мемлекет қабылдаған шаралар туралы баяндады.

Ұлттық экономика министрі кәсіпкерлікті дамыту мақсатында 2015 жылы кәсіпкерлік секторында Yellowpagesrules қағидасын қабылдау үшін мемлекеттің қатысуына шектеу жасау бойынша стратегиялық шешім қабылданғанын айтты. Аталған қағиданы жүзеге асыру үшін Үкімет мемлекеттік, квазимемлекеттік секторлар және үлестес тұлғалар іске асыра алатын іс-шаралардың 271 түрін анықтады.

«Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін осы жылы рұқсат етілген құжаттар саны 50 пайызға дейін қысқартылды. Егер 2014 жылы рұқсат етілген құжаттар 1200-ден астам болса, бүгінде лицензиялар мен рұқсаттардың 315 түрі заңды түрде бекітілді», ­­– деді Қ. Бишімбаев.

Сонымен қатар, министр бизнес реттеуді жетілдіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмысы туралы айтып берді. Осы жылдың басынан кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу Кәсіпкерлік кодексі арқылы жүзеге асырылады. Мамыр айынан бері өзін-өзі реттеу институты іске қосылды.

0 пікір
Мұрағат