Бизнесті өзгертуде серпінді digital-технологиялар қолданылатын болады
Бизнесті өзгертуде серпінді digital-технологиялар қолданылатын болады
6 жыл бұрын 3046 7kun.kz mnbfb.com

Қазіргі уақытта жаһандық цифровизация бүкіл әлем бойынша бизнестерді өзгертіп жатыр. Соған байланысты бәсекелестік жолында мобильді байланыс операторлары үнемі өзгеріп, табыс табу үшін digital бизнес-шешімдер сегментіне ауыса бастайды. Бұл туралы «Кселл» АҚ бас атқарушы Арти Отс айтып өтті.

«Цифрлау жүйесі экономикаға және өнеркәсіптің барлық саласына ықпал етеді. Өндірістің өз жүйесіндегі серпінді өзгерістер кәсіпорындардан жаңа мүмкіндіктер ашуды және жаңа стратегиялар құруды талап етеді. Сол себепті үкімет пен ірі бизнеске технологиялар енгізуді және өсіп келе жатқан жаңа өндірістік жүйені ынталандыру қажет», — дейді A.T. Kearney халықаралық консалтинг агенттігінің басқарушы серіктесі Зорен Грабовски.

Сонымен бірге, бүкіл әлем бойынша кәсіпорындар бизнесін түрліше өзгертетін негізгі драйверлер —  серпінді digital-технологиялар қолданылады.

Зорен Грабовскидің пікірінше, қазақстандық компаниялар өз бизнес-процестеріне digital-технологияларды мейлінше белсенді енгізіп жатыр. Цифровизацияның жекелеген параметрлері бойынша Қазақстан, тіпті, Еуропаның кейбір елдерін артқа тастайды. Оның пікірінше, цифрлық технологиялардың дамуы алдағы бес жыл ішінде телекоммуникациялар, банктер, автокөлік жасау сияқты салаларда жұмыстың шамамен үштен бірін автоматтандыруға жағдай туғызады. Бұл туралы қазір ойланбағандар бәсекелестер күресінде ұтылмаса да, айтарлықтай әлсіздік байқатады.

Қазақстанның телекоммуникациялар нарығында digital-қызметтер мен шешімдердің көшбасшы провайдері болу үшін «Кселл» компаниясы соңғы бірнеше жыл ішінде ішкі трансформациядан сәтті өтіп келеді.

Қазірдің өзінде «Кселл» колл-орталығына келетін қоңыраулардың 40 мыңға жуығын немесе 60 пайызын роботтар қарастырады. Бұл канал арқылы көрсетілетін сервис деңгейі 40 пайызға артты. Ал клиенттің мәселесін алғашқы қоңыраудан-ақ шешу көрсеткіші 50 пайыз болды. Бұған қоса, компанияның кейбір өнімдерін роботтар сата бастады. Тіпті, мұндай сауданың көлемі мамандандырылған бөлімнің сондай жұмысына пара-пар.

2018 жылы компания digital-қызметтерді дамытуды ең жоғарғы басымдық ретінде қарастыруды жалғастырады. Жақын арада М2М-қызметтер провайдерлеріне уақыт пен қаражатты үнемдеуге мүмкіндік беретін SIM-карталарды басқару платформасы іске қосылады.

0 пікір
Мұрағат