Заң жобасында балалы отбасыларды мемлекеттiк қолдауға бағытталған нормалар қарастырылған.
Биылдан бастап сәбилi болғандар жәрдемақыны 24 пайызға артық алады
|
Мәжiлiс «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне әлеуметтiк қамсыздандыру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» ҚР Заңының жобасын мақұлдады.
Еске салсақ, бұған дейiн БАҚ-та 2017 жылдың 1 шiлдесiнен бастап балаларға төленетiн жәрдемақы көлемi артатыны туралы хабарланған болатын. Мәлiметке сәйкес, қазiргi таңда 1, 2, 3-шi балаларға 66 мың 621 теңге төленсе, 1 шiлдеден бастап бұл сома 86 мың теңгеге жетеді. Ал 4-шi және одан көп балаға 111 мың 135 теңге төленсе, 1 шiлдеден бастап 142 мың теңгеден артық төленедi.
Дүйсенованың айтуынша, заң жобасын iске асыру үшiн республикалық бюджеттi нақтылау кезiнде 2017 жылы қосымша 81,6 млрд теңге қарастырылды. Жобаны жүзеге асыру үшiн 11 заңға, оның iшiнде Зейнетақы туралы заңға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу көзделген.