Биылдан бастап «Болашақ» стипендиясының талабы өзгереді
Биылдан бастап «Болашақ» стипендиясының талабы өзгереді
5 жыл бұрын 2098

Биылдан бастап стипендияны іске асырудың жаңа тәсілдері енгізілетін болады.

Ақордада Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өткен болатын. Онда Мемлекеттік хатшы «Болашақ» бағдарламасының адами капиталды дамыту саласындағы серпінді жоба екенін айтты, деп жазады egemen.kz

Комиссия отырысында Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетовтің Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның хаттамалық тапсырмаларының орындалуы туралы есебі тыңдалып, «Болашақ» бағдарламасының іске асырылуына қатысты бірқатар мәселе талқыланған еді.

Комиссия шешімімен магистратура мен докторантурада білім алу үшін 234 үміткерге стипендия тағайындалып, олар әлемнің жетекші ғылыми және өндірістік ұйымдарына тағылымдамаға жіберілетіні айтылған.

Отырыс қорытындысы бойынша Комиссия «Болашақ» халықаралық стипендиясының тиімділігі мен ашықтығын арттыру үшін бірқатар нақты тапсырма берілген. Әсіресе, экономика саласын дамытудың перспективалары негізінде еңбек ресурсы балансындағы өзгерістерді ескеру жайы айтылды.

Атап айтқанда, биылдан бастап «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асырудың жаңа тәсілдері енгізілетін болады. Бұл конкурстық іріктеуді жүргізу тетіктерін жетілдіруді және автоматтандыруды, оның кезеңдерін қысқартуды, Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның жұмысын оңтайландыруды, жұмыс органының жауапкершілігін арттыруды көздейді. Сонымен қатар, стипендиаттарды оқытуға байланысты барлық академиялық үдерістер қосымша реттеледі.

0 пікір
Мұрағат