Биыл Қазақстанда қос азаматтық алған 400-ге тарта адам жауапкершілікке тартылды
|
2016 жылы Қазақстанда қос азаматтық алған 400-ге тарта адам жазаланды. Бұл туралы ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінен хабарланды.
«Шетелдік азаматтықты алу фактісі туралы белгіленген мерзімде тиісті органдарға хабарламаса, Қазақстан Республикасының заңы бойынша жауапқа тартылады. Биыл қос азаматтықты алған 399 адам жауапкершілікке тартылды», - деп атап өтілген департамент мәліметінде.
Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының азаматы болып, шет мемлекеттің азаматтығын қабылдаған адам өзге елдің азаматтығын алған күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде шетел азаматтығын алу фактісі туралы ҚР Ішкі істер органдарына немесе Қазақстанның шет елдегі мекемелеріне харбарлауы тиіс.
«Осы ретте ол ҚР азаматының төлқұжатын және жеке куәлігін тапсыруға міндетті», - дейді ведомство өкілдері.