Биыл елімізде мобилді жобаның келесі кезеңі жүзеге асуы мүмкін
Биыл елімізде мобилді жобаның келесі кезеңі жүзеге асуы мүмкін
10 жыл бұрын 3940

2014-2016 жылдары елімізде электронды үкімет енгізілуі мүмкін екенін жеткізді Қазақстан Республикасының Инвестиция және даму министрлігінің электронды қызметті әрі қызмет көрсету орталықтарын дамыту жөніндегі департамент директоры Абылайхан Оспанов. Бұл жайында Kapital.kz іскерлік порталы хабар таратты.

«Қазақстандықтарға электронды үкімет порталы арқылы Халыққа қызмет көрсету орталықтарында ғана қызмет көрсетілмейді, сонымен қатар, қалта телефоны арқылы да қызмет көрсетіледі. Нәтижесінде қағазбастылықтан арылуды жоспарлап отырмыз. Мобильді үкімет жобасы жүзеге асырылатын болса, қандай да бір анықтаманы қажет еткен ұйым sms арқылы оны ала алатын болады. Сонымен қатар, анықтаманың шынайылығына қатысты ақпаратты алу мүмкіндігіне ие болады. Аталмыш жобаның жүзеге асырылуы үшін заңнама деңгейінде өзгерістер енгізуі қажет»,- деді Абылайхан Оспанов.  Осылай деген ол абоненттен өндіріліп алынатын комиссия мөлшері әлі талқыланып жатқанын әрі осыған байланысты қалта телефоны операторларымен келіссөздер жүргізіліп жатқанын жеткізді.

0 пікір
Мұрағат