Банктер жарнамаға қанша қаржы бөледі?
Банктер жарнамаға қанша қаржы бөледі?
8 жыл бұрын 3080 7kun.kz, Young couple counting money --- Image by © Rainer Holz/Corbis

2015 жылы Қазақстандағы 11 банк жарнамаға деген шығындарын ұлғайтты. Ребрендинг жүргізген банктердің жарнамалық бюджеті 2,5 есе өскен. Жалпы алғанда, нарық 2015 жылы 11,65 млрд теңге болды. 2014 жылмен салыстырғанда 0,71%-ға артық. Назарларыңызға өткен жылы жарнама шығындарын ұлғайтқан және кеміткен қаржы институттарының тізімін ұсынамыз.

«Финам» компаниясының сарапшысы Зварич Богданның сөзінше, жаңа бренд клиент тарту үшін танымал болу керек. Яғни, толыққанды жарнама кампаниясын жүргізуді қажет етеді. Белсенді жарнама арқылы брендтің, банктің тұрақты және сенімді екенін көрсетуге болады.

2015 жылғы ең көп жарнамалық шығын "ForteBank"-те байқалды. Банк бұл бағытқа 1,87 млрд теңге жұмсаған. 2014 жылмен салыстырғанда банк шығындары 2,4 есе көбейді.

«2015 жылы біз "ForteBank" брендіне үлкен инвестиция салдық. 3 банктің бірігуінен кейін алдымызға «тез танымалдылыққа ие болу» деген мақсат қойған едік. Сондықтан, имиджді дамытуға үлкен мән берілді. 2015 жылы ТВ мен сыртқы жарнамадағы барлық мүмкіндіктер пайдаланды. Нәтижесінде біз атаудан басқа логотип, түс, стиль, интерьер тіпті персоналдың сыртқы формасы тәрізді дегендердің барлығын жаңаладық», — дейді "ForteBank"-тің маркетинг бағытының аға банкирі Антон Ким.

Жарнама бойынша 2015 жылы екінші орынға "Kaspi Bank" орналасты. Өткен жылы банк жарнамаға 1,40 млрд теңге жұмсаған, бұл 2014 жылмен салыстырғанда (1,41 млрд теңге) 0,86%-ға аз. «Біз клиенттермен байланысуға мүмкіндік беретін барлық каналдарға және "Kaspi" сервистерін пайдалануды оқыту тәсілдеріне үлкен қаржы саламыз. Бірақ, ең үлкен инвестиция телевизияға кетеді, себебі, телевизиялық жарнама ең көп аудитория береді», — деп түсіндірді банктың баспасөз қызметінен.

2015 жылы қаржы институты табанды еңбек пен ерік-жігер арқылы таңғажайып жетістіктерге жеткен қазақстандықтар туралы баяндайтын «Kaspi қаһармандары» деген жоба бастаған еді.  Әлемнің барлық шөлдерін жүгіріп өткен танымал марафоншы Марат Жыланбаев, 350 баланы асырап алған Тұяқ Есқожина, әлемнің ең биік 14 нүктесіне бағындырған альпинист Мақсұт Жұмаев және бокстан қыздар арасында Қазақстан чемпионы Назым Қызайбай — осы жобаның кейіпкерлері. Бюджеттің тағы бір қомақты бөлігі сауда жасауға болатын онлайн-платформаға жұмсалды.
 

Қазақстан "Халық Банкі" өткен жылы пиар үшін 993,00 млн теңге бөлген. Оның арғы жылғы көрсеткіш те осы шамада еді. «Барлығы да бизнестің қажеттілігіне, жарнама беретін арнаның құны мен аудитория көлеміне байланысты. Қазір банк секторындағы нарық туралы айтар болсақ, баспасөзге сұраныс интернетпен салыстырғанда құлдырап жатыр. Барлығы телевизияның танымалдылығы төмендеді дегенмен, жарнама үшін әлі де жақсы құрал. Дегенмен, 2015 жылы біз жарнама бойынша интернетке басымдық бердік», — дейді маркетинг департаментінің директоры Сағынбек Шүнкеев.

Бір жыл ішінде жарнама бюджетін 17,51%-ға ұлғайтып, "Қазкоммерцбанк" 5-орынға жайғасты. 2015 жылы банк бренді мен өнімдерінің танымалдылығын арттыруға 926,00 млн теңге жұмсаған. Жарнама шығындарын күрт артып жіберуі Қазкоммерцбанк пен БТА Банктың біріккенінен кейінгі пиар кампаниясына байланысты.

"Астана Банкінің" жарнамалық бюджетін 87,39 млн теңгеден 269,15 млн теңгеге дейін көбейтті. Бұл қаржы институты 2015 жылы пиар шығындарын күрт көбейткен банктердің тізімінде бар. 2015 жылдың 10 наурызында «Банк «Астана-финанс» атауын «Астана Банкі» АҚ деп өзгерткен еді. Брендтің танымалдылығын арттыру жұмысы нәтижесінде жарнама бюджеті де көбейді.

«Бюджеттерін азайқандарға қатысты бірнеше себеп бар. Біріншісі — маркетингтік бюджет — табыстың белгілі бір пайызы ретінде қарастырылуы, яғни табыс азайса, жарнама шығындары да қысқарады. Екіншісі — банктердің өздері де танымал және қосымша жарнаманы қажет етпейді» — деп түсіндіреді Жанар Шаймерденова.

2015 жылы 15 банк жарнама мен маркетингке қаржыларын азайтқан.

Алғашқы орында — бюджетін 49,36%-ға дейін азайтқан "Цеснабанк". 2015 жылы банк 588,91 млн теңге жұмсаса, 2014-тегі көрсеткіш 1,16 млрд теңге еді.

"Хоум Кредит Банкі" бір жыл ішінде жарнама және маркетинг шығындарын 329,67 млн теңгеге немесе 43,58%-ға азайтқан. 2015 жылы банк шығындары 426,85 млн теңге болды.

Үштікті "Нұрбанк" қортындылайды. 2014 жылы банк жарнамаға 373,90 млн теңге, ал 2015 жылы 191,98 млн теңге жұмсаған.

Шығындарын қысқартып, бюджеттік нұсқаға көшкендер арасында "Сбербанк" те бар. Егер 2014 жылы банк жарнамаға 572,0 млн теңге жұмсаса, 2015 жылы шығындарын 407,0 млн теңгеге дейін қысқартқан.

«Бюджетті қысқарту коммуникация каналдарын қайта қарауға байланысты. 2015 жылы негізгі коммуникация каналы интернет болды, себебі, ең тиімді және қаржыны да аз қажет етеді. Бірақ, ТВ-роликтер, радиороликтер, сыртқы жарнама және баспасөз де сыртқа қалған жоқ», — деді банктің маркетинг басқармасының директоры Олегжан Бекетаев.

"ВТБ Банкінің" (Қазақстан) жарнама шығындары 19,18%-ға азайып, 290,29 млн теңгені құрады. Қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Татьяна Шевченконың сөзінше, бюджеттегі өзгерістер банктің бизнес-процессін оңтайластыруға байланысты яғни тиімсіз жарнама құралдары алынып тасталған. «Сондай-ақ, біз "digital" құралдарды белсенді пайдалана бастадық. Оның шығыны да аз, бірақ, тиімділігі жоғары», — деді ол.

Компания мәліметінше, дәстүрлі жарнамалық белсенділік бюджеттің 60%-ын алады, қалған 40%-ы "digital" жарнама, оның ішінде "SMM" бар. «Біз тек белгілі бір жарнама құралына басымдылық бермейміз, жарнамалық және PR құралдарының миксін пайдаланамыз», — деп түсіндірді маман.

0 пікір
Мұрағат