|
Банк шотындағы ақшасы бақылауда болатын адамдардың тізімі шықты
|
Банктер шот пен табыс туралы ақпаратты салық органдарына беріп отырады. Қаржы министрлігі жеке және заңды тұлғалардың банк шоттары, ақшаның қозғалысы және кәсіпкерлік қызмет белгілері бар операциялар туралы деректерді Қаржы мониторингі комитетіне ұсынудың жаңа нысандарын бекіткен еді.
Енді мына тұлғалардың банк шоттарындағы ақша қозғалысы туралы мәліметтер салық органдарына беріліп отырады:
- салық салуға байланысты мәселелер бойынша тексерілетін заңды тұлғаға және (немесе) оның құрылымдық бөлімшесіне;
- табысы мен мүлкі туралы декларацияны ұсыну жөнінде міндеті туындаған жеке тұлғаға;
- салық салуға байланысты мәселелер бойынша тексерілетін жеке тұлғаға, оның ішінде жеке кәсіпкерге немесе жеке тәжірибемен айналысатын адамға;
- таратылу (қызметін тоқтату) сатысындағы жеке кәсіпкерге, жеке практикамен айналысатын адамға, заңды тұлғаға;
- қызметін жеңілдетілген тәртіппен тоқтатқан жеке кәсіпкерге — талап қою мерзімінен аспайтын кезең үшін;
- әрекетсіз салық төлеушілер тізіліміне енгізілген жеке кәсіпкерге және заңды тұлғаға;
- Қазақстан Республикасы Президенттігіне, Парламент және мәслихат депутаттығына, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелігіне кандидат ретінде тіркелген тұлғаға және оның жұбайына (зайыбына);
- мемлекеттік лауазымға немесе мемлекеттік функцияларды орындауға байланысты лауазымға кандидат болған тұлғаға және оның жұбайына (зайыбына);
- өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезеңінде мемлекеттік лауазымды атқаратын тұлғаға және осы кезеңде оның жұбайына (зайыбына);
- шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамға;
- қызметі құмар ойындарды және (немесе) бәстерді ұйымдастыру және өткізу болатын заңды тұлғаға;
- активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны, табысы мен мүлкі туралы декларацияны ұсыну жөнінде міндеті туындаған адамдарға.
Айта кетсек, мәліметтер нысандары ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 қарашадағы № 698 бұйрығымен бекітілген және 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Түркі елінде электронды шылым шеккендерге қылмыстық жауапкершілік қарастыратын тыйым салынды
■
Жаратылыстың кездейсоқ жаратылмағандығы туралы гипотеза математикалық дәлелін тапты
■
Таяу Шығыс аймағынан алтынның ірі кеніші табылды
■
Ғалымдар сегізаяқты жасыруға көмектесетін қабілетті қайталауға мүмкіндік беретін пигментті өндірудің жолын тапты
■
Араб елінде алтын құймаларына арналған банкомат пайда болды