Балалар жазда жиі жоғалады. Бұның себептері неде және балаларды қалай қорғауға болады?
Балалар жазда жиі жоғалады. Бұның себептері неде және балаларды қалай қорғауға болады?
4 жыл бұрын 2456

Балалар жаз кезінде аулалар мен ойын-сауық кешендерінде күні бойы ойнап жатады. Өкінішке орай, ата-аналар балаларын кейде қадағаламай, бүлдіршіндер жан түршігерлік жағдайларға ұшырап жатады. Бұл жайында matritca.kz ақпарат көзі мәлім етеді.

Келесі ақпаратты әр ата-ана білуі тиіс.

Балалар көшелерде, ойын-сауық кешендері мен саябақтарде неге жиі жоғалады?

Балалар сауда орталықтары мен саябақтарда көп адам арасында қалып, ата-анасын өздігінен іздеп кетеді.

Ата-аналар балаларына байланысқа арналған құралдарды(GPS трекері бар сағат немесе ұялы телефон) беруді ұмытып жатады.

Ата-аналарға арнаған ескертпе

Балаңызды бір жерге алып барар алдында суретке түсіріп алыңыз.

Балаңызға ашық түсті киім таңдаңыз. Ол балаңыз жоғалып қалған жағдайда оны тезірек табуға көмектеседі.

Балаңызға жоғалып қалған жағдайда бір орында қалу керектігі жайлы ескертіп қойыңыз. Балаңыз көмекті баласы бар әйелден, полицей қызмерткері немесе жақын маңдағы дүкен сатушыларынан сұрай алатыны жайлы хабардар болуы тиіс.

Балалар ауылдарда неліктен жоғалады?

Біріншіден бала далада тұрған дәретхана ойығына немесе құдыққа түсіп кетуі мүмкін. Қала балалары мұндай қауіп жайлы білмей жатады.

Ата-аналарға арнаған ескертпе

Балаңызға ауылда қатерден сақ болу үшін өзін қалай ұстану керектігі жайлы айтып беріңіз. Балаңыз дәретханаға абайлап баруы тиіс және құдыққа жалғыз баруға болмайтыны жайлы хабардар болуы керек.

Су қоймалары қандай қауіп төндіруі мүмкін?

Жүз пайызға қорғау мүмкіндігі болмаса да, ата-аналар үрмелі саймандарға жиі сеніп жатады.

Бала жанында жүрген ата-ана оның батып бара жатқанын аңғармай қалатын жағдайлар да болады. Бала суға тез әрі айқайламай батуы мүмкін.

Ата-аналарға арнаған ескертпе

Әрдайым сақ болып жүрген абзал.

Баларыңызға өзендердің, көлдердің және су қоймаларының қауіптілігі жайлы ескертіп жүріңіз.

Балаларыңызға жүзуді үйретіңіз, бұл ешқашан артықтық қылмайды.

Дереккөз: nashideti.temaretik.com

 

0 пікір
Мұрағат