Биылғы оқу жылынан бастап, Байқоңырдағы 6 мектеп қазақстандық білім беру стандартына көшкен болатын. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәжілісінде Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов мектептер қазақстандық стандартқа көшкелі мұғалімдердің жалақысы көбейгенін айтты. «Биылғы жаңа оқу жылынан бастап, 6 мектеп және бір балабақша қазақстандық білім беру стандартына көшті. Айта кетерлігі, қазақстандық стандартқа көшкелі 6 мектеп пен балабақша да соңғы үлгідегі жаңа теxнологиямен қамтамасыз етілді. Оған қаржы облыстық бюджеттен бөлінді. Осында жұмыс істейтін ұстаздар мен тәрбиешілердің жалақысы Ресейдегі стандартпен оқыған кездегіден өскені байқалады», - деді Қызылорда облысы әкімінің орынбасары. Оның айтуынша, қазіргі кезде Байқоңырдағы 6 мектепте 4755 бала білім алады. Ал бір балабақшада 177 бала өзіміздің жүйе бойынша білім алуда. Енді, ол мектептерді күрделі жөндеуден өткізу, материалдық жағдайларын жақсарта беру назарда бола береді. «Бұл жөнінде облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың жақсы ұстанымы бар. «Біз Байқоңыр ғарыш айлағын жалға бергенімізбен, азаматтарымызды жалға берген жоқпыз» , деген болатын. Бүгінгі күні Байқоңырда 40 мыңнан астам Қазақстан азаматы бар.Олар болашақта мемлекеттен тиісті әлеуметтік көмектерін ала беретін болады», -дейді облыс әкімінің орынбасары. Айта кетейік, Байқоңырда жалпы білім беретін 14 мектеп бар. Онда 9000-ға жуық оқушы білім алады. Оның ішінде алтауы қазақ мектебі.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
KFC және Pizza Hut бойкотқа байланысты Түркиядағы мейрамханаларын жабады
■
2024 жылы бүкіл әлем бойынша күн сайын 154 биткоин миллионері пайда болған
■
Араб елдеріндегі байкот өз жемісін бере бастады
■
Оңтүстік-шығыс Азиядғы мұсылман еліндегі байкот батыс компанияларының табысын күрт төмендетті
■
Саудия өзінің ядролық жоспарын жария етті