БАӘ компаниясы Маңғыстау облысын ауыз сумен қамтамасыз етеді
|
Бүгінгі таңда Маңғыстау өңірінің халқы ауыз су тапшылығын тартып отыр. Осыған байланысты Біріккен Араб Әмірліктерінің «Империал» компаниясы аталған өңірде суды тұщыландыратын және электр энергиясын өндіретін зауыт жобасын облыс әкіміне ұсынған болатын. «Осы заманғы технологияның көмегімен электр энергиясын өндіріп, суды тұщыландыра аламыз. Маңғыстау климаты біздің еліміздің климатына ұқсас. Сол себепті, біз Біріккен Араб Әмірліктерінде және өзге елдерде сәтті жүзеге асырған инновациялық технология басқа аймақтарға үлкен артықшылық береді. Бұған қоса, зауыт құрылысы жұмыс орнын құруға және экологиялық ахуалды жақсартуға мүмкіндік береді. Бизнес жобадан өзге ғылыми-зерттеу орталығын құру мәселесін қарастырып жатырмыз», деді аталмыш компанияның іргетасын қалаған әрі осы компания директорының меңгерушісі Манок Дивакаран. «Империал» компаниясы тәулігіне 50 МВт электр энергиясын өндіруге және 10 млн литр суды тұщыландыруға қуаты жететін зауыт салуға тас-түйін дайын. Бұл жобаны құны 85 млн долларға бағаланып отыр.