Азаматтыққа қабылдау үшін қазақ тілі мен тарихын білу талаптары өзгеруі мүмкін
Азаматтыққа қабылдау үшін қазақ тілі мен тарихын білу талаптары өзгеруі мүмкін
5 ай бұрын 810 orda.kz

Азаматтыққа қабылдау үшін қазақ тілі мен тарихын білу туралы талаптар өзгеруі мүмкін, деп хабарлайды Orda.kz.

ҚР азаматтығын алу туралы талаптарға өзгеріс енгізу жоспарланып жатыр. Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру кезінде мемлекеттік тілін кемінде 15 балл, Қазақстан Республикасы Конституциясының негіздерін кемінде 20 балл, сондай-ақ Қазақстан тарихын кемінде 15 балл қарапайым деңгейде білу міндеттелуі мүмкін. 

«Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 14) тармақшасында Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаудан немесе азаматтығын қалпына келтіруден бас тарту үшін негіз белгіленген. «Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау немесе азаматтығын қалпына келтіру туралы өтінішхат, егер бұл туралы өтінішхатты берген адам ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган айқындайтын көлемде мемлекеттік тілді және Қазақстан Республикасы Конституциясының негіздерін, сондай-ақ Қазақстан тарихын қарапайым деңгейде білмесе, қабылданбайды» – деп жазылған түзетулер жобасының сипаттамасында. 

Жоба жаңа нұсқасында былай деп жазылған: 

«Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру кезінде мемлекеттік тілін кемінде 15 балл, Қазақстан Республикасы Конституциясының негіздерін кемінде 20 балл, сондай-ақ Қазақстан тарихын кемінде 15 балл қарапайым деңгейде білу бекітілсін», – деп жазылған түзетулер жобасында.  

Заңға өзгерту енгізушілердің айтуынша, бұл енгізу әрбір пән бойынша ҚР азаматтығына үміткерлерді тестілеу бойынша сұрақтар санының барынша тең арақатынасын қамтамасыз етуге және шекті деңгейді 10%-ға төмендетуге мүмкіндік береді.

0 пікір
Мұрағат