Ауыл шаруашылығына құйылған инвестиция мөлшері мүлдем сын көтермейді
Ауыл шаруашылығына құйылған инвестиция мөлшері мүлдем сын көтермейді
8 жыл бұрын 2526 7kun.kz Камила Дүйсенова

2016 жылдың қорытындысы бойынша ел экономикасына құйылған жалпы инвестицияның 3,3 пайызы ғана ауыл шаруашылығына тиесілі. Бұл туралы finprom.kz сараптама агенттігі хабарлады.

2016 жылғы өсімге қарамастан, елдің басқа да экономикалық салаларымен салыстырғанда ауыл шаруашылығына салынатын инвестиция көлемі аз. 2016 жылы ауыл шаруыһашылығы мекемелерінің негізгі капиталына құйылған инвестиция 51 пайызға ұлғайып, 253 млрд теңгені құраған еді.

Бірақ ауыл шаруашылығы жалпы елімізге келген инвестиция көлемінің 3,3 пайызын ғана еншілеген. Бұл көрсеткіш 2016 жылы 2,4 пайыз еді. Мұндай жағдай инвесторлардың осы салаға деген көзқарасын білдіреді. Олар агросаланы тәуекелі жоғары деп қабылдайды.

Дегенмен, 2016 жылы банк пен басқа да қаржы ұйымдарынан өз істерін дамыту үшін агроөндірушілер белсенді кредит алған. Қарыздың жалпы сомасы  30 млрд теңгеге жетіп 2 есеге артқан.

0 пікір
Мұрағат