|
Атырауда тағы бір ауыл ішімдіктен бас тартты
|
Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Атырау облысында салауатты өмір салтын ұстануға бағытталған бастамалар кеңінен қолдау тауып келеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Соның бірі – ішімдіктен толықтай бас тарту үрдісі. Бұл жолы Махамбет ауданына қарасты Еңбекшіл ауылы ішімдіксіз өмір салтын таңдады. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Еңбекшіл ауылында 47 үй бар, онда 272 тұрғын тұрады. Елді мекенде бір мектеп, медициналық пункт және бір ғана азық-түлік дүкені жұмыс істейді. Ауыл тұрғындары өзара келісіп, ішімдік сатуға да, ішуге де толық тыйым салу туралы шешім қабылдады», – делінген ресми хабарламада.
Еске сала кетейік, бұған дейін Атырау облысында 50-ден астам ауыл дәл осындай шешім қабылдап, ішімдіктен бас тартқан. Бұл — өңірде денсаулықты сақтау мен ұрпақ тәрбиесіне мән берудің айқын белгісі.
