Компания ақпаратына сәйкес, елорданың жаңа вокзал кешені 54 пойызға қызмет көрсетеді. Оның 22-сі «Тұлпар-Тальго» жүрдек пойызы, 16-сы стандартты және тағы 16-сы қалааралық пойыздар.
«ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі қарсаңында Астанадан мына бағыттар бойынша қосымша пойыздар қатынайтын болады: «Астана-Маңғышлақ», «Астана-Атырау», «Астана-Шымкент», «Астана-Қостанай», «Маңғышлақ-Астана», «Тараз-Астана», «Орал-Астана», «Қарағанды-Астана». Қазіргі уақытта Астана қаласының әкімдігімен бірлесіп, жаңа вокзалға дейін қоғамдық көліктерді, сонымен бірге жүрдек бағдарларды ұйымдастыру мәселесі қарастырылу үстінде»,- делінген таратылған ақпаратта.