Астаналық дәрігер әлеуметтік жағдайы нашар, ата-анасынан айырылған балаларды тегін емдеуді қолға алды
|
Астаналық дәрігер әлеуметтік жағдайы нашар, толық емес отбасында тәрбиеленіп жатқан балаларға жақсылық жасап жүр.
Ол мемлекеттен берілетін тегін отаны күтуге денсаулығы шыдамайтын балаларға жылдам әрі тегін қажетті отаны жасап береді,деп жазды Stan.kz.
«Қымбатты әріптестер! Бәріміз де азқамтылған отбасындағы науқас балалардың тегін отаны алуда қиындықтарға тап болатынын жақсы білеміз, әсіресе ата-анасы жоқ балалар. Бұл жағдайға министрлік кінәлі емес, қаржыландыру мәселелері бар.
Осыған байланысты медицина саласының түрлі мамандарының басын біріктіре отырып, көмекке зәру балаларға бірден ота жасап, тегін кеңес беріп, тексеру жұмыстарын істеуге жұмылайық. Әріптестерім, сіздің қай қалада тұратыныңыз маңызды емес.
Тек, тегін қызмет көрсетуге ынтаңыз, қызығушылығыңыз болса болғаны. Қажет болған жағдайда сізді Астанаға алдыру мәселесін шешеміз. Бұл бастамадан ешқандай да төлем берілмейді. Егер біздің топқа қосылғыңыз келсе, мархабат!»,-деп жазды Мағзұм Оңғаров.
Оның осы бастаманы қолғанына екі күн болғанымен өзіне хабарласушылар саны көп екен. Балаңыздың денсаулығына орай мәселе туындап тұрса Мағзұм Оңғаровтың желідегі парақшасы арқылы байланыса аласы.