Астанада теологтар мен дінтанушылар бас қосты
Астанада теологтар мен дінтанушылар бас қосты
9 жыл бұрын 2699

Астанада теологтар мен дінтанушылар бас қосты. Жиналғандар «Kazakhstan for peace» атты республикалық жобаның қолға алынғанын хабарлады. Осының аясында мамандар жыл соңына дейін 50-ге жуық спикерді таңдап алады. Бұдан соң оларды теологтар мен дінтанушылар арнайы бағдарлама бойынша оқытады. Кейін қатысушылар бар білген-түйгенін әр өңірдегі жастарға жеткізеді. Бұл бастаманы Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығы мен «Діндерді зерттеу қауымдастығы» бірауыздан қолдап отыр. Айгүл Сәдуақасова, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы зерттеу орталығының жетекшісі: - Осы бағдарламаны басқа өңірлерге апарамыз. Соның ішінде жыл бойы Қарағанды облысында, Алматы қаласында, Шығыс Қазақстан облысында және Қостанай облысында бағдарламаны жалғастырамыз деген жоспарымыз бар. Бүгінгі жұмыстың нәтижесінде біз тағы қорытындылап шығарамыз. Қай жерін толықтыру керек, қай жағын жетілдіру керек. Ары қарай осы бағдарламаны дамытып отырамыз.

0 пікір
Мұрағат