Астанада такси жүргізушісі көлігінде қалып кеткен затты иесіне екі жылдан кейін қайтарды
Астанада такси жүргізушісі көлігінде қалып кеткен затты иесіне екі жылдан кейін қайтарды
10 жыл бұрын 4127 Екі жылдан кейін қайтарылған етік. ©Facebook.com/nurmukhamed.baigarayev

Астанада такси жүргізушісі көлігінде қалып кеткен затты иесіне екі жылдан кейін қайтарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Нұрмұхамед Байғараев бұл оқиғаны Facebook желісіндегі парақшасында баяндап берді. Оның айтуынша, ол бүгін Астанада Бәйтерекке қарай такси тоқтатқан. Жолдың құнын келісу кезінде такси қызметкері одан 500 теңге сұрайды, бұл уақытта Нұрмұхамед 400 дейді. Сонда оған "таксиші 500 берсең, менiң мәшинеме осыдан 2 жыл бұрын тастап кеткен затыңды қайтарам" деген. "Отыра берiп, бiрден ой кеттi "не тастап кетуiм мүмкiн, қалтадан таксиде әдетте сотка түсушi едi, бәлкiм қайтарар". Ол болса, багажниктi ашып, бiрнәрсенi әкеле жатты. Келiп, өз орнына жайғасып, "Осыдан 1-2 жыл бұрын мед.центр жақта сендердi әкеп тастадым, қарасам баланың мына бiр пар етiгi қалып қойыпты. Келбетiңдi есiме сақтап қалдым, әй, бiр кездесер, сонда қайтарам деп ойладым, мiне, ал, жер домалақ" демесi бар ма", - дейді Астана тұрғыны. 

Оның айтуынша, ол сотка болмаса да, баласының заты табылғанына қуанған. Әйтсе де, бұл аяқ киімнің екінші сыңарының бар-жоғы белгісіз екен.

2 пікір
Мұрағат