Астанада өзен таксиі пайда болады
|
Астанада өзен вокзалы мен өзен таксиі пайда болады, - деп хабарлайды Elorda.info.
Астана әкімдігіндегілер жобалардың мемлекет басшысының Есіл өзеніндегі кеме қатынасын дамыту туралы тапсырмасы аясында іске асырылып жатқанын айтты. "Астана Есіл" МКК директоры Қанат Алиннің айтуынша, бүгінде кемежай құрылысының нақты орны белгіленді. "Елорданың байырғы тұрғындары Есілде кеме жүргенін ешқашан көрген емес. Өзенде теплоходтар жүретіні туралы ешкімнің ойына кіріп те шыққан емес. 2008 жылы Елбасының тапсырмасына сәйкес "Есілдегі кеме арнасын дамыту" жобасы әзірленді. Бүгінде аталған жоба үш бағыт бойынша жүзеге асырылуда. 2015 жылы шілдеде Есіл өзені ресми түрде Қазақстанның кеме жүзетін өзендерінің реестіріне енгізілді", – деді Қанат Алин.
Жобаның тағы бір мақсаты - Есіл өзенінде қатынайтын өзен таксиін қолданысқа енгізу. "Сыйымдылығы 8 адамдық шағын кемелер жолаушыларды Есіл өзінінің акваторийі шеңберінде қалаған жеріне жеткізетін болады. Қазір бір ауысымда өзенмен бес жолаушылар теплоход жүреді. Есілдегі кеме қатынасы маусымы - алты ай. Осы уақыт ішінде 20 мың жолаушы теңізбен серуендей алады", - деді елорда әкімдігіндегілер.