АСТАНАДА ОПЕРАЦИЯ УАҚЫТЫН ҚЫСҚАРТАТЫН ТЕХНОЛОГИЯ ҚОЛДАНЫЛДЫ
АСТАНАДА ОПЕРАЦИЯ УАҚЫТЫН ҚЫСҚАРТАТЫН ТЕХНОЛОГИЯ ҚОЛДАНЫЛДЫ
2 жыл бұрын 1016 24.kz Авторлары: Ғазиза Мұхамеджанова, Диас Ковланбаев

Астанада алғаш рет 3D модель көмегімен көз ұясына пластина қою операциясы жасалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Инновациялық технология жарақаттардың дәл көшірмесін жасап, операция уақытын қысқартады, - дейді мамандар

Операция белмесінде 16 жасар ер бала жатыр. Жөсөспірім бокспен айналысып жүріп, көз ұясын жарақаттап алған. Салдарынан көзінің төменгі тұсында ойықша пайда болыпты. Офтальмологтар мен жақ-бет хирургтары жарақат салдарын жойып, жаңа технологиямен титан пластинаны орнатады.

Серік Нұрмағанов, Қазақстан-Ресей медициналық университетінің жақ-бет хирургиясы кафедрасының профессоры, м.ғ.д.: - Мынау осы баланың 3D моделінде жасалған моделі компьютермен жасалған. Операцияның алдында осыны жасап, ақауының көлемін зерттеп, мына титан табақшасын дайындап, көлеміне топографиясына сәйкес келтіріп, орнына саламыз. Кейін операцияда көз қуысын ашқаннан кейін ақаудың орнына салып, көз қуысының шетіне арнайы винттармен бекітеміз.

Профессордың айтуынша, титан табақшасы аллергия туғызбайды, тот баспайды, магнитқа да әсер етпейді. Мұндай пластинамен науқастар өмір бойы жүре береді. 3D модель жақ-бет хирургтарына отаға дейін сүйектің пішіні мен зақымданған аумақты дәлме-дәл басып шығаруға мүмкіндік береді.

Руслан Жарылқасымов, №2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасының жақ-бет хирургы: - 3D модель арқылы біз сүйек тіндерінідегі ақауды зерттейміз. Сол бойынша пациентке жарақат салдарының тереңдігі мен операция аумағын көрсете аламыз. Әр модель персоналды түрде әзірленеді. Сондай-ақ, мұндай технология операция уақытын қысқартып, одан кейінгі асқынуларды азайтады.

Инновациялық технология көз ұяшығының жүйке тамыры мен бұлшық еттерін зақымдамай, пластина қоюға мүмкіндік береді, - дейді ақхалаттылар.

Сондықтан оның әр өңірде қолданысқа енгені пациенттерге де дәрігерлерге де жақсы. Жалпы мұндай жарақаттар салдарынан адам көзін жұмып ашуға қиналып, тіпті көру қабілетінен де айырылуы мүмкін. Мамандандырылған көмекті уақтылы көрсету осындай асқынулардың дамуына жол бермейді.   

СҮЙЕК ҚАТЕРЛІ ІСІГІ НЕМЕСЕ ОСТЕОГЕНДІК САРКОМА | ДИАГНОЗ
КЕУДЕ ҚУЫСЫНЫҢ ДЕФОРМАЦИЯСЫ, БУЫН АЛМАСТЫРУ | ДИАГНОЗ

16 жастағы пациентте шұңқыр тәрізді кеуде қуысының деформациясы. Мұндай ауру кезінде адамның қабырғалары ұзарып, қалыпты нормадан асып кетеді. Әсіресе кеуде қуысының төменгі тұсында осындай өзгерерістер байқалады. Бүгін біз кеуде қуысының деформациясы мен буын алмастыруды жеңілдеті үшін жасалған пластиналар туралы айтамыз. 

 

0 пікір
Мұрағат