|
Астана мұсылмандары аязда міскіндерге қол созуда
|
Астана қаласының мұсылмандары арктикалық аязды күндері жағдайы жоқ елорда тұрғындарына қолұшын созуда. Мәселен, "Нұр Астана" мешітінің қызметкерлері мен жамағаты аязды күнгі акциясында тегін такси қызметін ұсынып отыр. Аталмыш мұсылмандар құлшылық үйінің өкілі таңғы сағат сегізден қала бойынша 30 автокөлік тегін такси қызметін көрсетіп жүргенін жеткізді. Сондай-ақ, тұрмысы төмен отбасыларға көмір түсіріп беріп, аула ссыпырушылар мен қар күреушілерге және құрылысшыларға ыстық тамақ пен шай таратуда. Бқған қоса, мешіттің өзінде тағы екі жүз адамға арнап, дастархан жаюда. Бұл игі істі ұйымдастырушылар акцияның апта соңына дейін жалғасатынын жеткізді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жапонияда автокөлік енді автотұрағы бар адамдарға ғана сатылады
■
Мұсылман елі вейпке толық тыйым салмақ
■
Ұшатын көлікті енді қарапайым адамдар да сатып ала алады
■
Қазақстанда ислами инвестициялық АІ агенті пайда болады
■
Өсімдік ақуызы артық салмақпен күресуге көмектесіп қоймай, қартаю процесін тежейді